TZS First AUSTRIA FA-5565-4 Manual Del Usuario página 21

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 15
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚЫЗДЫРҒЫШ
Бұл өнім тек жақсы оқшауланған
орындарда немесе сирек пайдалануға
арналған.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз
және оларды кейінірек пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін (газ не электр
оттығы немесе қыздырылатын пеш сияқты)
ыстық бетте немесе оған жақын жерде
қолданбаңыз және қоймаңыз.
• Құрылғы берік әрі тегіс бетте орналасқанына
және оған балалардың қолы жетпейтініне
көз жеткізіңіз, бұл – құлап кету салдарынан
болатын зақымдар мен жарақаттанудан
сақтайды.
• Өнімді газ көздерінің немесе басқа жанғыш
материалдардың немесе заттардың
жанында пайдаланбаңыз.
• Жиһаздан және басқа заттардан қауіпсіз
қашықтықта ұстаңыз.
• Желдеткіш қыздырғышты жиһазға немесе
басқа заттарға тікелей бағыттамаңыз.
• Ауа еркін келіп тұру үшін құрылғының артқы
жағын қабырғалардан немесе заттардан
кемінде 30 см қашықтықта ұстаңыз.
• Құрылғыны су тамшылап тұрған немесе
шашырайтын жерге шығармау керек.
Құрылғының жанына немесе үстіне суы бар
ыдыстарды (мысалы, вазалар) қоймаңыз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Ауа кіретін және шығатын жерлерді
ештеңемен жаппаңыз немесе оларға кедергі
келтірмеңіз!
• Құрылғының жанына тұтанғыш материалды
(қағаз, мата және т.б.) қоймаңыз.
• Құрылғыны желіге қосу не ажырату алдында
оның өшірулі тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Бұл қыздырғышты ваннаға, душқа немесе
бассейнге жақын пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғы пайдалану кезінде қызады.
Күйіп қалмау үшін ыстық жерлеріне тимеңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау
пайда болған жағдайда, құрылғыны міндетті
түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне
қосылып тұрмаса да, оны қараусыз
қалдырмаңыз. Тазаламас және сақтамас
бұрын, құрылғының толық суығанын күтіңіз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
40
ФУНКЦИЯЛАР
• Бөлме температурасын электрондық жолмен
басқару
• Қашықтан басқару құралы
• Таймер
• Тербеліс
• 2 қыздыру деңгейі
• Аз қызу шығару: 1,4 кВт
• Көп қызу шығару: 2 кВт
• Тек желдеткіш режимі (қыздырмайды)
СИПАТТАМАСЫ:
(А сур.)
1. Дисплей
2. Басқару панелі
3. Қыздыру элементі
4. Температураны реттеу түймелері: [+]/[-]
5. Тербеліс түймесі: [OSC]
6. Таймер түймесі: [TIMER]
7. Қыздыру режимі түймесі: [
]
8. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі: [ON/OFF]
НҰСҚАУЛАР
Орнату және қосу:
1. Желдеткішті қыздырғышты тегіс, жазық
жерге орналастырыңыз.
2. Желдеткішті қыздырғышты қуат көзіне
қосыңыз.
3. Желдеткішті қыздырғыштың артқы
жағындағы қуат қосқышын қосыңыз.
4. Күту режимінде дисплей ағымдағы бөлме
температурасын көрсетеді.
5. Желдеткішті қыздырғышты іске қосу үшін
[ON/OFF] түймесін басыңыз. Әдепкі қыздыру
режимі — «Төмен қыздыру қуаты».
Режим таңдау:
Әр түрлі режимдерді ауыстырып қосу үшін
[TIMER] түймесін (қайталап) басыңыз.
Жоғары қыздыру қуаты
Қыздыру қуаты — шамамен 2000 Вт
(2 қыздыру индикаторы дисплейде
жанады).
Төмен қыздыру қуаты
Қыздыру қуаты — шамамен 1400 Вт
(1 қыздыру индикаторы дисплейде
жанады).
Тек желдеткіш режимі
Тек желдеткіш істеп тұр, қыздырып тұрған
жоқ.
Температура басқаратын режим:
Қажетті бөлме температурасын таңдау үшін [+]/
[-] түймелерін басыңыз.
Температураны 1°C қадаммен 10-49°C
аралығына қоюға болады.
Бұл смарт режимде қыздырғыш қойылған
температураны ұстап тұру үшін қыздырғыш
элементті төмен, жоғары және өшіру циклдері
арасында автоматты түрде реттеп отырады.
Дегенмен желдеткіш барлық уақытта жұмысын
тоқтатпайды.
Тербеліс функциясы:
Тербеліс функциясын іске қосу немесе тоқтату
үшін [OSC] түймесін басыңыз.
Таймер функциясы:
[TIMER] түймесін (қайталап) басып, уақытын
қойыңыз, сол уақыттан кейін қыздырғыш
автоматты түрде өшеді.
Таймерге 1 сағаттық қадаммен 0-8 сағатты
қоюға болады. 0 таңдалса, таймер өшеді.
Қашықтан басқару құралы: (B сур.)
Қашықтан басқару құралына CR2025 (3 В)
батареясын пайдаланыңыз.
Қашықтан басқару құралымен жасалатын
барлық функция желдеткішті қыздырғыштың
басқару панеліндегі функциялармен бірдей.
ҚАУІПСІЗДІК МҮМКІНДІКТЕРІ
Қызып кетуден қорғау:
Желдеткішті қыздырғыш қызып кетуден
қорғау жүйесімен жабдықталған. Әдетте
желдеткішті қыздырғыш саңылауларының біреуі
жабылып қалған, бітеліп қалған немесе оған
кедергі келген жағдайда ғана қызып кетеді.
Құрылғының ішінде температура көтеріліп
кеткен жағдайда, қыздырғыш өшіп қалады.
Мұндай жағдайда желдеткішті қыздырғышты
қуат көзінен ажыратып, торларды бітеп тұрған
заттардан тазартыңыз. Қайта пайдаланардан
бұрын құрылғыны шамамен 30 минут
салқындатып алыңыз. Мәселе шешілмесе,
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Аударылғанда қосылатын қауіпсіздік
қосқышы:
Желдеткішті қыздырғыш аударылғанда
қосылатын қауіпсіздік қосқышымен
жабдықталған. Желдеткішті қыздырғыш
аударылып қалған кезде, ол өрт шығармау үшін
құрылғыны бірден өшіреді.
Ескертпе: Қыздырғышты өшіргеннен кейін,
желдеткіш өшкенше салқындату кезеңінде
істейді.
41

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido