Қызмет Көрсету - Hilti NURON NCT 45 S-22 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para NURON NCT 45 S-22:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 55
11. Жаңа жүзді кескіш бастиекке салыңыз.
12. Кескіш бастиектегі жүздің бекіткіш бұрандасын бұрап бекітіңіз.
13. Негізгі сөндіргішті, жүз кескіш бастиекке қайтадан кіргенше басып тұрыңыз.
▶ Кескіш бастиектегі жүз ауыстырылды.
5.6
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti құлаудан сақтандырғышы мен Hilti компаниясы
ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанының қисындасуын қолданыңыз.
▶ Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз.
бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жүк көтеретін
құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің берік бекітілгенін тексеріңіз.
Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойынша
нұсқаулықтарына назар аударыңыз.
6
Қызмет көрсету
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
6.1
Кесу әрекетін орындау
ҚАУІПТІ
Ток соғу қаупі бар! Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларында жұмыс істеу ток соғуға және/немесе
қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
▶ Нашар ауа райында кернеу өткізгіш сымдармен жұмыс істеуге қатал тыйым салынады.
▶ Ауа райының жағдайлары оқшаулағыш сипаттарына, көрерлікке немесе жұмысшылардың
қозғалуына теріс әсер еткен жағдайда, жұмысты бірден тоқтатыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жоғары қысыммен шыққан майдан жарақат алу қаупі бар! Жоғары қысыммен шыққан май тері
мен көзге жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Зақымдар көрінген жағдайда, кескіш құрылғыны пайдаланбаңыз.
▶ Май шыққан жағдайда, кескіш құрылғыны пайдаланбаңыз.
▶ Піспектің әр кесу әрекетінен кейін кері қозғалғанына көз жеткізіңіз.
▶ Егер піспек кесу әрекетінен кейін кері қозғалмаса, қолмен қайтару үшін қайтарғыш ажыратқышты
қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарықшақтардың ұшуынан жарақат алу қаупі бар! Материалдың сынықтары көз бен денеге
жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Қорғаныш көзілдірік пен қолғап киіп жүріңіз.
▶ Жарамды және өткір жүздерді қолданыңыз.
▶ Кесу әрекетінің алдында жүздердің тиісінше салынғанына және өткір болғанына көз жеткізіңіз.
300
Қазақ
3
2321709
*2321709*
Берік

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido