Makita PF400MP Manual De Instrucciones Original página 226

Ocultar thumbs Ver también para PF400MP:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 45
18. Оператордың дене өлшеміне сәйкес болуы
үшін иық белбеуі мен сапты реттеңіз.
19. Жұмыс кезінде иық белбеуін
пайдаланыңыз. Машинаның оң жағыңызда
берік ұстаңыз.
► Сурет2
20. Алдыңғы тұтқаны сол қолыңызбен
және артқы тұтқаны оңақай не солақай
болғаныңызға қарамастан оң қолыңызбен
ұстаңыз. Саусақтарыңыз және бас
бармақтарыңызбен тұтқаларды ұстаңыз.
21. Ешқашан бір қолыңызбен машинаны
пайдалануға тырыспаңыз. Ие бола алмай
қалсаңыз, жарақатқа әкелуі мүмкін.
22. Электрлік қондырғыны дұрыс пайдалану үшін
нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.
23. Машинаны іске қосу және басқару бойынша
қуат блогының нұсқаулығын қараңыз.
24. Жұмыс кезінде құралды әрдайым екі
қолыңызбен ұстаңыз. Пайдалану кезінде
құралды бір қолмен ұстамаңыз.
25. Құралды нашар ауа райында немесе
найзағай тию қаупі бар болған жағдайда
пайдаланбаңыз.
26. Жұмысты бастамас бұрын, иық белбеуінің
құралға дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
27. Құрылғыны суға батырмаңыз немесе
машинаны дымқыл бетке қоймаңыз.
28. Құралды сыртта жаңбыр астында қараусыз
қалдырмаңыз.
29. Пайдаланған кезде немесе жұмыс орнын
көшіргенде, аяғыңыздың астындағы
шлангілерге немесе құбырларға шалынып
қалмаңыз.
30. Машинаны лайлы жерде, ылғалды көлбеуде
немесе тайғақ жерде пайдаланған кезде,
тұрған жеріңізге назар аударыңыз.
Тасымалдау
1.
Тасыған кезде машинаны тоқтатыңыз.
Әйтпесе ол абайсызда іске қосылып адамды
жарақаттауы мүмкін.
Діріл
1.
Шамадан тыс дірілге ұшыраған жағдайда,
оператордың қан тамырларына немесе
жүйке жүйесіне зақым келеді және
саусақтарында, қолдарында немесе
білектерінде келесі симптомдар пайда
болады: "Ұйқыға кету" (қозғалмай қалу),
шаншу, ауыру, шаншып ауыру сезімі,
тері түсінің немесе терінің өзгеруі. Осы
симптомдардың біреуі пайда болса,
дәрігерге қаралыңыз.
"Ақ саусақ ауруы" қаупін азайту үшін
қолыңызды жылы ұстаңыз және машина
мен керек-жарақтарды дұрыстап ұстаңыз.
Техникалық қызмет көрсету және сақтау
1.
Машинаның жұмыс күйі қауіпсіз екеніне
көз жеткізу үшін гайкалардың, болттар мен
винттердің барлығын мықтап бұраңыз.
2.
Бөлшектері тозса немесе зақымдалса,
оларды Makita компаниясы ұсынған
бөлшектермен ауыстырыңыз.
3.
Машинаны құрғақ және балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
4.
Машинаны қарап тексеру, күтімін жасау
немесе сақтау үшін тоқтатқанда, оны өшіріп,
барлық қозғалмалы бөлшектерінің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз және аккумулятор
картриджін шығарыңыз.
5.
Жабдықты шаңнан және кірден үнемі
тазалап тұрыңыз. Тазалау үшін
жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Пластик
құрамдастарының түссізденуі, құрал пішінінің
өзгеруі немесе жарықтар пайда болуы мүмкін.
Нұсқаулықта немесе қуат блогының
6.
нұсқаулығында сипатталмаған техникалық
қызмет көрсету не жөндеу жұмыстарын
жүргізуге тырыспаңыз. Осындай
жұмыс туралы өкілетті қызмет көрсету
орталығымызға хабарласыңыз.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
7.
нұсқауларын орындаңыз.
8.
Тек түпнұсқа қосымша бөлшектеріміз
бен керек-жарақтарымызды ғана
пайдаланыңыз. Үшінші тараптың бөлшектерін
немесе керек-жарақтарын пайдалану —
жабдықтың сынуына, мүліктің зақымдалуына
және/немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
9.
Біздің өкілетті қызмет көрсету
орталығымыздан машинаны тұрақты
аралықта тексеріп, техникалық қызмет
көрсетуді сұраңыз.
10. Сақтау алдында машинаны толығымен
тазалап, техникалық күтімін жасаңыз.
Аккумулятор картриджін шығарыңыз.
11.
Жабдықты қабырға сияқты нысандарға
сүйемеңіз. Әйтпесе ол кенеттен құлап,
жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қапуін тудыруы мүмкін.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
3.
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін;
оған тимеуге тырысыңыз. Егер абайсызда
тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер
сұйықтық көзге тиген болса, медициналық
көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан
сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы
мүмкін.
226 ҚАЗАҚША

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido