Аккумуляторды Оңтайлы Пайдалану Туралы Нұсқаулар; Жарылудан Сақтайтын Пластина (D Суретін Қараңыз); Шаңды Және Жоңқаларды Сору - Bosch GST 18V-125 B Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GST 18V-125 B Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Ара полотносын салу/алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе
u
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір
тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқа) орнатыңыз. Ара
полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын
пайдаланыңыз.
Ара дискісін орнату (A суретін қараңыз)
Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын
u
тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін
емес.
SDS иінтірегін (3) алға қарай тіркелгенше басып
тұрыңыз. Ара дискісін (17) кесік бағытындағы тістерімен
ара дискісінің бекіткішіне (2) тірелгенше жылжытыңыз.
Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы
бағыттауыш дөңгелектің (16) ойығында жатуына көз
жеткізіңіз.
Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз.
u
Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Bosch Power Tools
Ара дискісін алып тастау (B суретін қараңыз)
Қуаты
SDS иінтірегін (3) алға қарай тірелгенше басып, ара
20–40%
дискісін (17) алып тастаңыз.
5–20%
Жылжыма (C суретін қараңыз)
0–5%
Сезімтал беттерді өңдеуде жылжыманы (13) тіреу
тақтасына (12) орнатып беттің қырылуының алдын
алыңыз.
Жылжыманы (13) орнатуда оны тіреу тақтасында (12)
асып арқасында басып тіретіңіз.
Жарылудан сақтайтын пластина (D суретін
қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (19) (керек-жарақтар)
ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау
дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану
тиіс. Тіреу тақтасын (12) жарылудан сақтайтын
пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа
жылжыту мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (19) алдыңғы жақтан
тіреу тақтасына (12) кіргізіңіз.
Жылжыманы (13) пайдалану кезінде жарылудан
сақтайтын пластина (19) тіреу тақтасына (12) емес,
жылжымаға салынады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (20) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (20) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (1)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (20) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (1) тартып алыңыз.
Қазақ | 177
1 609 92A 87B | (28.10.2022)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gst 18v-125 s professional

Tabla de contenido