OBJ_BUCH-2489-003.book Page 125 Monday, October 24, 2016 10:54 AM
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы
(А суретін қараңыз)
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының 11 үш жасыл
жарық диоды аккумулятор 5 зарядталу күйін көрсетеді.
Қауіпсіздік салдарынан зарядталу күйін сұрау тек электр
құралын тоқтатып орындау мүмкін.
Зарядталу күйін көрсету үшін 11 түймешесін басыңыз.
Бұлны алынған аккумулятор 5 менен да орындау мүмкін.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1 x жасыл
11 пернесін басқаннан соң ешбір жарық диоды жанбаса
оны алмастыру қажет.
Аралау полотносын орнату/алмастыру
Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
аккумуляторды шығарыңыз.
Ара полотносын орнатуда қорғаныш қолғабын
киіңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін
тудыруы мүмкін.
Ара полотносын алмастыруда ара полотносы
патроны материал қалдықтарынан, мысалы, ағаш
немесе метал жоңқаларынан бос болуы қажет.
Ара полотносын таңдау
Тек өңделетін материалға сайкес келетін ара
полотноларын пайдаланыңыз.
Ұсынылатын аралау дискілеріне шолуды осы
нұсқаулықтың басында табуға болады. Аралау дискілерін
тек ½" әмбебап ұшты пайдаланып орнатыңыз. Ара полот-
носы кесік үшін қажетті ұзындықтан артық болмауы керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полтноларын
пайдаланыңыз.
Ара полотносын салу (В суретін қараңыз)
Тоқтатқыш төлкені 3 шамамен 90° бағыттағыш көрсеткі
бағытымен бұраңыз және оны берік ұстаңыз. Аралау
дискісін 1 аралау дискісінің бекіткішіне 12 басып
кіргізіңіз. Тоқтатқыш төлкені 3 қайтадан жіберіңіз.
Ара полотносы бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң
ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Белгілі жұмыстарда ара полотносын 1 180° бұрап (тістері
жоғарыда) қайта орнатуға болады.
Ара полотносын алу (C суретін қараңыз)
Тоқтатқыш төлкені 3 шамамен 90° бағыттағыш көрсеткі
бағытымен бұраңыз және оны берік ұстаңыз. Аралау
дискісін 1 шығарыңыз.
Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
Қуаты
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
≥2/3
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
≥1/3
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
<1/3
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
Резерв
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Қосу бүғаттамасын 6 оңға басып, электр құралының
кездейсоқ қосылып кетуінен қорғаңыз.
Зарядталған аккумуляторды 5 разъемға бекітілгенін және
разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру (D суретін қараңыз)
Қосу бұғаттамасын 6 солға басыңыз.
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 7 басып
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 7
жіберіңіз.
Сосын қосу бұғаттамасын 6 қайта оңға басыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті 7 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Қaзақша | 125
1 609 92A 33V | (24.10.16)