Биіктігін реттеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Отырғыш жүктелген кезде биіктігін реттеу түймелерін баспаңыз немесе
отырғыштың биіктігін реттемеңіз. Солай жасамау жарақат алуға және
отырғыштың зақымына себеп болады.
● Отырғыштың биіктігін көбейту үшін отырғышты ① жоғары қарай тартыңыз.
Отырғыш қалаған биіктікке жеткен кезде орнына автоматты түрде
құлыпталады. Биіктігін реттеу мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
● Отырғыштың биіктігін азайту үшін биіктігін реттеу түймелерін ④ бір
уақытта басып тұрыңыз. Отырғышты ① төмендетіңіз және екі биіктігін
реттеу түймелерін қалаған биіктікте босатыңыз. Биіктігін реттеу мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Өнім күтімі
ЕСКЕРТПЕ
Бұл өнімді күтіп ұстаңыз. Жүйелі түрде тазалау және техникалық қызмет
көрсету өнімді дұрыс жұмыс істейтін және жарамдылығын ұзартады.
● Отырғышты ① және аяқтарын ② отырғыш түтігіне ⑤ бекітетін
бұрандалардың жақсылап қатайтылғанын үнемі тексеріп тұрыңыз. Егер қажет
болса, бұрандаларды қатайту үшін 3мм алты қырлы кілтті пайдаланыңыз.
● Орындықты таза, дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз. Майлықтарды не
химиялық заттарды пайдаланбаңыз, олар отырғышты және биіктігін реттеу
механизмін зақымдауы мүмкін.
Кепілдік
Leitz компаниясы материалдар мен өндіру ақауларына 5-жылдық кепілдік береді.
1. Leitz компаниясы егер кепілдік мерзімі барысында ақаулар өндіру және
материалдарға байланысты болса, ол өз қалауымен жөндеп беруге немесе
қажет болса, тегін ауыстырып беруге кепілдік береді. Қалыпты тозуға
байланысты кепілдік толығымен берілмейді.
2. Leitz кепілдігі төмендегі жағдайларда күшін жояды:
a. Егер өнім төмендегі нұсқауларға сәйкес орнатылмаса және
пайдаланылмаса;
b. Егер өнімді Leitz компаниясынан басқа біреу өзгертсе немесе
жөндесе;
c. Егер ақаулық сыртқы себептерге байланысты орын алса;
d. Егер өнім осы құжатта көрсетілгеннен басқа мақсаттарда
пайдаланылса.
37