ТАЗАЛАУ
1. Май баттасып, жағымсыз иістер пайда
болмас үшін құрылғыны қолданған сайын
тазартып отыру өте маңызды.
2. Тазалау алдында құрылғыны суытып алыңыз
және розеткадан суырыңыз.
3. Құрылғыны суға малмаңыз және ағын сумен
жумаңыз.
4. Алмалы тор табақты, пісірмеге арналған
табаны және үгінділерге арналған табақты
қарапайым ыдыс сияқты жууға болады.
5. Құрылғының сыртын дымқыл губкамен
тазалаңыз.
6. Пешті тазарту үшін қажағыш
тазартқыштарды немесе өткір құралдарды
қолданбаңыз, өйткені сызат түсу
салдарынан пеш нашарлап, сынып кетуі
мүмкін.
7. Қуырғышты розеткаға қосып, қолданар
алдында барлық бөліктері мен беттердін
әбден құрғатыңыз.
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
Ақаулы шамды келесі жолмен ауыстырыңыз:
1. Құрылғыны желілік қуаттан ажыратып,
әбден суытып алыңыз.
2. Қорғаныш қақпақ пен ақаулы шамды шешіп
алу үшін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
3. Қорғаныш қақпақтағы шамды ауыстырып,
сағат тілі бағытымен бұрап салыңыз.
Осы құрылғыға сәйкес келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
Жөндеу: Қауіп бар: электрлік құрылғыларды
тек уәкілетті мамандар жөндеуі тиіс. Себебі
уәкілетсіз жөндеу салдарынан зақым келуі
мүмкін. Жөндеу қажет болған жағдайда
сатушыға немесе өндірушіге хабарласыңыз.
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін
әдіспен жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды
қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз.
50
A
6
5
3
2
1
4
N
i