Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS Professional 24-180 LVI Manual Original página 212

Ocultar thumbs Ver también para GWS Professional 24-180 LVI:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 37
212 | Қазақ
мысалы, кесу жұмыстары үшін қорғаныш қаптамамен
және бағыттауыштармен (20) немесе солақайлар үшін.
Тұтқа ысырмасын (29) көрсеткі бағытымен тартып, бір
уақытта басты тұтқаны (28) қажетті күйге тірелгенше
бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (3) алға
жылжытып, содан кейін басыңыз.
Басылған ажыратқышты (3) бекіту үшін ажыратқышты
(3) одан ары алға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз
немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (3) қысқаша
басып, содан кейін жіберіңіз.
Бұғатталмайтын ажыратқыш нұсқасы (елге
байланысты):
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (3) алға
жылжытып, содан кейін басыңыз.
1 609 92A 5FE | (09.12.2020)
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: электр құралы қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу тогын
шектеудің және қайтадан қосылудан қорғаудың істен
шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік
қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан
қараңыз.
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі
Электр құралы кенет кері соқса, мысалы,
кесетін жерде сыналану кезінде,
қозғалтқышқа қуат беру электрондық жүйе
арқылы тоқтатылады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (3) өшірулі күйіне
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін
электр құралының бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты (3) өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
u
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Нұсқау: Пайдаланбағанда желі айырын розеткадан
шығарыңыз. Электр құралында желі айыры қосулы
болып желіде кернеу барысында өшірулі болғанда да
аздап тоқ тұтынады.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading