Descargar Imprimir esta página

Gaggenau CA051300 Instrucciones De Uso página 19

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 11
kk Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Теппаньяки панелі аса сапалы, тот баспайтын болаттан жасалған. Мұндай қызуға төзімді панель (220°C-қа дейін) индукциялық
қыздыруға қолдануға жарайды. Теппаньяки панелі арнайы әзірленген көпқабатты SWISS-PLY® материалынан жасалған, оның
алюминий өзегі екі қабаттан жасалған қарапайым тот баспайтын болатқа қарағанда жылуды 10 есе тез өткізеді.
SWISS-PLY
Alinox AG / Швейцария тіркелген тауар белгісі болып табылады.
®
Материалдардың қызып кетуін болдырмас үшін:
9
▶ Теппаньякиде ас әзірлегенде ешқашан 9-шы қыздыру
сатысын немесе «Boost» функциясын қолданбаңыз.
▶ Түтін түзу температурасы жоғары майларды, мәселен рапс
майын немесе авокадо майын қолданбаңыз. Өсімдік майы
— ең жақсы температура индикаторы, себебі ол шамамен
180° C-тан жоғары температурада түтін түзеді.
Бірінші рет пайдаланар алдында
▶ Құрылғыны бірінші рет пайдаланар алдында аздап жуғыш құрал
қосып, ыстық ағын судың астында жуып алыңыз, сосын жақсылап
шайыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулар
▶ Теппаньякиді тек ас әзірлеу үшін ғана пайдаланыңыз.
▶ Қызанақ (қызанақ соусы), майонез, лимон, сіркесу немесе тұзды
су секілді қышқыл өнімдерді теппаньякидің үстінде алты сағаттан
аса уақытқа қалдырмаңыз. Құрамында қышқыл мөлшері тым көп
өнімдер құрылғының түсін өзгертіп жіберуі мүмкін.
▶ Өткір металл заттарды қолданбаңыз, себебі одан сызаттар пайда
болуы мүмкін. Дегенмен сызаттар немесе өзге де зақымдар асты
қуырғанда немесе пісіргенде оның дәміне не сапасына әсер етпейді.
▶ Теппаньяки панелін ешқашан да жылу көзіне қосылған күйі ішін
бос қалдырмаңыз, себебі мұндайда оның пішіні өзгеруі мүмкін.
Қыздырмас бұрын май қосыңыз.
▶ Теппаньякиді 220 °С-қа дейін тұмшапеште және бумен пісіретін
пешке салып қолдануға болады. Аса жоғары температураларда
қышқылдану белгілері пайда болатындықтан, тот баспайтын болат
көгеріп немесе қоңырқай реңкке өзгеруі мүмкін. Кепілдік мұндай
өзгерістерге жарамайды.
▶ Құрылғының саптары қызып кетуі мүмкін болғандықтан, әрдайым
тұтқыш немесе қолғаптар пайдалануға кеңес береміз.
▶ Пайдаланып болған соң, ыстық теппаньяки панельдерін әрдайым
суытыңыз.
Пісіру кестесі
Төмендегі кестеде бірнеше мысалдарды табу мүмкін. Пісіру уақыттары тамақ түріне, салмағына және сапасына
байланысты. Сондықтан көрсетілген мәндерден сәл ауытқу болуы мүмкін. 8 және 8 конфоркаларын қыздыру сатыларын
жылытуға пайдаланған өте қолайлы.
Ет
Балық
Жұмыртқа қосылған
тағамдар
Көкөністер
Егер сіздің Flexzone қыздыру аймағы бар индукциялық пісіру панеліңіз қуыру сенсоры функциясымен жабдықталған болса, сіз
бұл функцияны теппаньякиде ас әзірлегенде бұйымның зауыттық нөміріне қарай қолдана аласыз.
Құстың төс еті (қалыңдығы 2 см)
Шошқа етінен әзірленген стейк, шницель
(ұнтаққа аунатылмаған)
Стейк (қалыңдығы 3 см)
Фрикаделькалар, гамбургше әзірленген шницель,
(қалыңдығы 3 см)
Шпик
Скампия мен асшаяндар
Ақсеркенің сүбе еті
Бахтах
Балық еті
Уыздық
Араластырылған уыздық
Сарымсақ, пияз
Цукини, баялды
Тәтті бұрыш, жасыл ақтық
Шампиньондар
±
Назар аударыңыз: Жылудың оңтайлы таралуы үшін, пісіру
панеліндегі қыздыру аймағының ауданы теппаньяки панелінің
ауданына сәйкес келуі керек. Теппаньяки панелі тек тұрмыстық
пайдалануға арналған.
Тазалау және күту
▶ Құрылғыны тазалауға ешқашан металл жөкелерді, ағартқыш
немесе абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
▶ Құрылғыға ұқыпты күтім көрсету үшін, оны ыстық судың астында
жұмсақ майлықпен аздап ыдыс жуғыш құрал / жұмсақ жуғыш
құрал қосып тазалауға кеңес береміз.
▶ Қатып қалған дақтарды кетіру үшін, теппаньякиді жуғыш құрал
қосылған ыстық суға салып қойыңыз (түні бойы тұрғаны жақсы).
Жұмсақ щетка, жөке немесе майлықпен тазалаңыз.
▶ Әк немесе минералды қалдықтарды кетіру үшін, ыдысты
сұйытылмаған сіркесумен (1-5 ас қасық арасында) жуыңыз. Содан
соң жуғыш құралмен ыстық ағын судың астында жуып алыңыз.
(сондай-ақ сіркесудың орнына аздап лимон шырынын қолдануға
болады, әдетте бірнеше тамшысы да жеткілікті болады).
▶ Күйіп қалған май немесе өзге де күйген ас қалдықтары қалған,
қатты ластанған ерекше жағдайларда, әлі суып үлгермеген
ыстық теппаньяки үстіне, күйіп қалмау үшін абайлап, мұз
текшелерін салыңыз, күрекше, щетка немесе жұмсақ жөкемен ас
қалдықтарын кетіріп, тазалаңыз. Сондай-ақ тот баспайтын болатты
тазалау үшін абразивті емес тазартқыш құралды пайдалануға
болады. Қалыпты пайдалану кезінде дақтардың немесе
түссізденудің пайда болуы екіталай. Алайда ондай өзгерістер орын
алып жатса, ол азық-түлікке немесе дайын тағамның сапасына
әсер етпейді.
Конфорканы
қыздыру сатылары
5 - 6
6 - 7
7 - 8
4 . - 5 .
6 . - 7 .
7 - 8
5 - 6
3 . - 4 .
6 - 7
5 - 6
4 - 5
5 - 6
6 - 7
6 - 7
7 - 8
Теппаньяки
Қуыру
уақыты, мин
10 - 20
6 - 12
8 - 12
30 - 40
3 - 6
5 - 10
10 - 15
15 - 25
10 - 15
3 - 9
3 - 9
2 - 9
5 - 10
5 - 15
10 - 15
19

Publicidad

loading