Descargar Imprimir esta página

Hilti TE DRS 4-A Manual De Instrucciones página 181

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 39
1.2.2
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы белгілер
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулықта төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану бойынша нұсқаулықты ұстану
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу
Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
Hilti Li­Ion аккумуляторы
Hilti зарядтағыш құрылғысы
1.2.3
Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың басындағы тиісті суретке сәйкес келеді.
Суреттердегі нөмірлер маңызды жұмыс кезеңдерін немесе жұмыс кезеңдері үшін маңызды
құрамдас бөлшектерді көрсетеді. Мәтінде бұл жұмыс кезеңдері немесе құрамдас бөлшек-
тері сәйкес сандармен ерекшеленеді, мысалы, (3).
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді.
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3
Өнім туралы ақпарат
Hilti өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен
пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану
немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Шаң тазартқыш модуль
Буын
Сериялық нөмір
2
Қауіпсіздік
2.1
Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау
электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Қауіпсіздік нұсқауларында қолданылатын «электр құралы» термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралын
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдары ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
*2102960*
2102960
TE DRS­4­A
01
Қазақ
175

Publicidad

loading