Descargar Imprimir esta página

Hilti TE DRS 4-A Manual De Instrucciones página 186

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 39
▶ Егер сору қуаты төмендесе, тазалау механизмін 5 рет сырт еткен дыбыс естілгенше алға және артқа
қарай басыңыз.
5.2.4
Шаң жинау қорабын босату
Сүзгі толған кезде шаң мөлшері шамадан артық болуы мүмкін болғандықтан, сүзгіні жиі босатып
тұру керек. Тыныс алу органдарының қорғанысын пайдаланыңыз.
1. Аспапты көлденеңінен ұстап, қысқа уақытта жұмыс істетіңіз.
▶ Осылайша шаңсорғыш модульде жиналған шаң қалдықтары шаң жинау қорабына сорылады.
2. Шаң жинағыштың босату түймесін басып тұрыңыз.
3. Шаңсорғыш модульден шаң жинау қорабын тартып, шығарыңыз.
4. Шаң жинау қорабын босатыңыз.
5. Шаң жинау қорабы сырт етіп орнына түскенше, оны шаңсорғыш модульге төмен қарай сырғытып
салыңыз.
5.2.5
Шаң тазартқыш модульді бөлшектеу
1. Алмалы-салмалы құралды бөлшектеңіз.
2. Перфоратордың оңға/солға айналуын ортаңғы күйге ауыстырыңыз.
3. DRS босатқышын басып тұрыңыз.
4. Шаң тазартқыш модульді құрылғыдан астына қарай шығарыңыз.
6
Күту және техникалық қызмет көрсету
▶ Модульдің барлық бөлшектерінде зақымдардың бар-жоғын және ақаусыз жұмысын жиі тиксеріп
тұрыңыз. Бөлшектері зақымдалған немесе ақаулы жұмыс істеген модульмен ешқашан жұмыс
істемеңіз.
▶ Су, май, жағармай не жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
▶ Шаң тазартқыш модуль құрғақ қылшақпен және жуғыш шүберекпен ғана тазалаңыз.
▶ Сүзгі материалын тазалау кезінде сүзгі материалына тимеңіз және тазалау үшін қысымдалған ауаны
пайдаланбаңыз. Бұл сүзгі материалын зақымдауы мүмкін.
6.1
Сорғыш басты алмастыру
1. Шаң тазартқыш модульді бөлшектеңіз. → Бет 180
2. Сорғыш бастың босату түймесін басып тұрыңыз.
3. Ескі сорғыш басты бағыттауыштан тартып алыңыз.
4. Жаңа сорғыш басты бағыттауышқа тірелмегенше басып салыңыз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
180
Қазақ
5
6
2102960
*2102960*

Publicidad

loading