Descargar Imprimir esta página

Hilti DGH 130-22 Manual De Instrucciones Original página 330

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 66
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶ Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Ажарлау және жылтырату бойынша қауіпсіздік техникасының жалпы нұсқаулары:
▶ Бұл электр құралы ажарлау және жылтырату машинасы ретінде пайдалануға арналған.
Аспаппен бірге алынған барлық қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауларды, нұсқауларды,
схемаларды және деректерді орындаңыз. Төменде берілен нұсқауларды орындамау электр
тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Бұл электр құралды егеуқұм қағазымен ажарлау, сым қылшақтармен жұмыс істеу,
саңылаулар кесу немесе абразивті кесу үшін қолдануға болмайды. Электр құралды басқа
мақсатта қолдану қауіпті жағдайлардың пайда болуына әкелуі мүмкін және жарақаттанудың себебі
болуы мүмкін.
▶ Электр құралды, ол құрал өндірушісі арнайы жобаламаған және белгілемеген жолмен жұмыс
істейтіндей өзгертпеңіз. Мұндай өзгеріс бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат
алуға әкелуі мүмкін.
▶ Өндіруші арнайы осы электр құрал үшін арнайы әзірлемеген және мақұлдамаған керек-
жарақтарды қолданбаңыз. Сіздің электр құралда қандай да сайманды бекіте алғаныңыз оны
қауіпсіз пайдалануға кепіл бермейді.
▶ Алмалы-салмалы құралда көрсетілген шекті айналу жиілігі электр құралда көрсетілген ең көп
айналу жиілігінен азырақ болмауы керек. Рұқсат етілгеннен көбірек жиілікпен айналатын жұмыс
аспабы бұзылуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы
өлшемдеріне сай болуы керек. Өлшемдері қажеттіге сай келмейтін жұмыс аспаптарын жеткілікті
дәрежеде экрандау немесе басқару мүмкін емес.
▶ Бұрандалы алмалы-салмалы аспаптар ажарлау шпинделінің ирек оймасына сай болуы
керек. Фланецпен орнатылатын алмалы-салмалы аспаптарда алмалы-салмалы аспаптың
тесік диаметрі фланецтің патрон диамтеріне сай болуы керек.
бекітілмеген алмалы-салмалы аспаптар бір қалыпта айланбай, қатты дірілдеп бақылау жоғалтуына
алып келуі мүмкін.
▶ Зақымдалған жұмыс аспаптарын қолданбаңыз.
дискілерде сынықтар мен сызаттар, ажарлағыш тәрелкелерде сызаттар, тозу немесе қатты
сырылу, сым қылшақтарында сыну немесе үзілу бар-жоғын тексеріңіз. Электр құрал немесе
324
Қазақ
құралдың
сыртқы
диаметрі
және
қалыңдығы
электр
Электр құралда дұрыс
Әр пайдалану алдында ажарлағыш
2359096
*2359096*
құралдың

Publicidad

loading