Descargar Imprimir esta página

Bosch GGS Professional 28 LP Manual Original página 128

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
OBJ_BUCH-1269-006.book Page 128 Thursday, August 4, 2016 1:32 PM
128 | Қaзақша
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Тік ажарлауыш қауіпсіздік нұсқаулары
Ажарлау, сымды қылшақтармен жұмыс істеу,
жылтырату және фрезерлеу бойынша жалпы
қауіпсіздік нұсқаулары
 Бұл электр құралын ажарлау, жылтырату
машинасында (GGS 8 CE), фрезерлеу үшін және
сымды қылшақ (GGS 8 CE) ретінде пайдалану
қажет. Электр құралымен бірге алған барлық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын, ескертпелерді,
суреттер мен деректерді сақтаңыз. Төмендегі
нұсқаулықтарды орындамау тоқ соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
 Бұл электр құралы егеуқұм кағазымен ысқылауға
немесе ажарлап кесуге арналмаған. Электр
құралына арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті
және жарақаттар тудыруы мүмкін.
 Осы электр құралына арналмаған және
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды
пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етеді.
1 609 92A 2JZ | (4.8.16)
 Тегістеу керек-жарақтардың есептелген
жылдамдығы кемінде электр құралында
белгіленген максималдық жылдамдыққа тең болуы
керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп
тұрған тегістеу керек-жарақтары сынуы, ұшып кетуі
мүмкін.
 Керек-жарақтың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы
электр құралыңыздың қуатына сай болуы керек.
Қате өлшемде керек жарақтар дұрыс басқарылмайды.
 Тегістеу шеңберлері, тегістеу білікшесі немесе
басқа керек-жарақтар электр құралыңыздың
тегістеу шпинделіне немесе қысқышына сай болуы
керек. Электр құралының патронына дұрыс
тұрмауынан алмалы-салмалы аспапқа соғылып
айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға
әкелуі мүмкін.
 Құралбілікте орнатылған дөңгелектер, құммен
тазалау барабаны, кескіштер немесе басқа керек-
жарақтар төлке немесе патронға толығымен
салынуы керек. Егер құралбілік дұрыс бекітілмесе
және/немесе дөңгелек көп шығып тұрса, орнатылған
дөңгелек босап, қатты жылдамдықта шығуы мүмкін.
 Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы,
тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында
сынықтар және жарықтар, тегістеу білікшесіне
сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-
жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және
сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп
алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған
алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде
өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын
алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде
тұрғанында ғана пневматикалық құралды бір минут
ішінде максималды айналымдар санында
қосыңыз. Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар
тексеру кезінде анықталады.
 Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты,
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет.
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
 Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading