Descargar Imprimir esta página

Bosch 0 611 2A6 000 Manual Original página 125

Ocultar thumbs Ver también para 0 611 2A6 000:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Ағаш, металл, керамика және пластикті соққысыз
бұрғылау, сондай-ақ құралдарды SDS-plus мүмкіндігінсіз
бұрғылау (мысалы, цилиндрлік сағасы жоқ бұрғылар)
үшін пайдаланылады. Осы аспаптар үшін жылдам қысу
бұрғылау патроны немесе тісті тәждік бұрғылау патроны
қажет.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті
тоғыны бар бұрғылау патронын енгізу/
шығару
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронын орнату (C суретін қараңыз)
– SDS-plus бекіткіш білігін (17) жылдам қысқыш
бұрғылау патронына (1) /тісті тоғыны бар бұрғылау
патронына (16) бұрап орнатыңыз. Жылдам қысқыш
бұрғылау патронын (1) /тісті тоғыны бар бұрғылау
патронын (16) бекіткіш бұрандамен (15) бекітіңіз.
Бекіткіш бұранданың сол жақ ирек оймасы бар
болуын қадағалаңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронын енгізу (C суретін қараңыз)
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын өздігінен құлыптанғанша бекіткіш
білікпен құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронының бекітілуін тартып тексеріңіз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын/тісті тоғыны
бар бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш төлкені (5) артқа жылжытып, жылдам
қысқыш бұрғылау патронын (1) /тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын (16) шығарып алыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(4) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Bosch Power Tools
Құралды алмастыру (SDS-plus)
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын салу (D суретін
қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (E суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Құралды алмастыру (SDS-plus құралынсыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату (F суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) енгізіңіз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын (19) нық ұстап тұрыңыз және алдыңғы
гильзаны (18) құралды енгізу мүмкін болғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Құралды салыңыз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын нық ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны
шерту дыбысы шыққанша сағат тілінің бағытымен
қолмен күш салып бұраңыз. Бұл ретте бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
– Құралды тарту арқылы оның берік бекітілгенін
тексеріңіз.
Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені көрсеткі бағытына қарсы
бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін жабуға
болады.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (10) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
(G суретін қараңыз)
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронының артқы
төлкесін (19) нық ұстап тұрыңыз. Алдыңғы төлкені
құралды шығару мүмкін болғанша бұрау арқылы құрал
бекіткішін ашыңыз.
Қазақ | 125
1 609 92A 5SR | (20.08.2020)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh 2-21 professional3 611 ba6 0