Descargar Imprimir esta página

TZS First AUSTRIA FA-5002 Manual De Instrucciones página 51

Horno de microondas

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
ӨНІМГЕ ШОЛУ ЖАСАУ
(А сур.)
1. Шыны айналмалы платформа
2. Роторлы жетек
3. Айналмалы платформаның тірек сақинасы
4. Грильге арналған тор
5. Есік құлпы
6. Қорғалған терезе
7. Басқару панелі
8. [Micro] Қысқа толқынды пештің
функциялары
9. [Defrost/clock] Жібіту функциясы / Сағатты
орнату
10. [Menu] Авто аспаз
11. [Grill] Гриль функциясы
12. Бұрылмалы тұтқа
13. [STOP/lock] Тоқтату пернесі / Балалардан
бұғаттау
14. [START/+30S] Іске қосу / Жылдам іске қосу
пернесі
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Құрылғының ішінен тасымалдауға
арналған барлық қауіпсіздік және орау
материалдарын алып тастаңыз.
Назар аударыңыз: Құрылғыда дұрыс
орнатылмаған немесе майысқан есік, сынған
немесе бос есік топсалары мен бекіткіштері
сияқты зақымдардың болмауына мұқият
тексеріңіз. Есіктің дұрыс жабылатынына көз
жеткізіңіз. Егер қандай да бір зақым болса,
қысқа толқынды пешті пайдаланбаңыз
және дилерге немесе сервистік қызметке
хабарласыңыз.
• Ауа айналымы жеткілікті болуы үшін,
құрылғыны қабырғалардан жеткілікті
қашықтықта, құрғақ, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке орнатыңыз.
• Қысқа толқынды пешті теледидарлардан,
радиоқабылдағыштардан немесе
антенналардан мүмкіндігінше алыс
орналастыру керек, әйтпесе, шулар пайда
болуы немесе бейне бұрмалануы мүмкін.
• Гриль функциясы бар қысқа толқынды пешті
алғаш рет пайдаланған кезде түтін мен иіс
аздап шығуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай
және бірнеше рет қолданғаннан кейін
жойылады.
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІҢ ЖҰМЫС
ПРИНЦИПІ
Қысқа толқындар – жоғары жиілікті
электрмагниттік толқындар. Шығарылатын
энергияны тағамды әзірлеу немесе жылыту үшін
пайдалануға болады.
• Айналмалы платформадағы тағам айналған
кезде, магнетрон шығаратын қысқа
толқындар жұмыс камерасының ішінде
шағылысады және біркелкі таралады.
Осылайша тағам біркелкі қызады.
• Қысқа толқындар тағамға шамамен 2,5 см
тереңдікке енеді. Содан кейін пісіру процесі
жалғасып, жылу барлық тағамға таратылады.
• Пісіру уақыты пайдаланылатын контейнерге,
азық-түліктің мөлшері мен тығыздығына,
құрамындағы судың мөлшеріне және
бастапқы (мұздатылған ба, жоқ па)
температурасына байланысты.
ҚОЛДАНУ
ЦИФРЛЫҚ САҒАТТЫ ОРНАТУ (24 сағаттық)
Құрылғы электр желісіне қосылған кезде,
дисплей жанып, 1:00 көрсетіледі.
Сағатты орнату үшін уақыт жыпылықтауды
бастағанша, [Defrost/clock] пернесін басып
тұрыңыз.
Бұрылмалы тұтқаны пайдаланып сағатты
орнатыңыз, содан кейін [Defrost/clock] пернесін
қайтадан басып, минуттарды орнатыңыз.
Парамертлерді [Defrost/clock] пернесін басып,
растаңыз.
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІҢ ҚЫЗМЕТІ
Сіз пайызбен көрсетілген 5 қуат деңгейінің бірін
таңдай аласыз:
Таңдау Шығу қуаты
Мыналар үшін
қолданылады...
Пайыз
Орташа
100P
100%
700 Вт
Тамақты жылдам пісіру
80P
80%
560 Вт
Ұқыпты тез пісіру
50P
50%
350 Вт
Бумен пісіру
30P
30%
210 Вт
Тағамды жібіту
10P
10%
70 Вт
Жылы күйінде сақтау
• Қажетті қысқа толқынды қуаттылықты
таңдау үшін [Micro] пернесін бірнеше рет
басыңыз.
• Пісіру уақытын таңдау үшін бұралмалы
тұтқаны бұраңыз. (Ауқымы: 0:10-60:00)
• Процесті бастау үшін [START/+30S] пернесін
басыңыз.
• Операция аяқталғаннан кейін дисплейде
«End» жазуы жыпылықтай бастайды.
100
Ескертпе: [STOP/lock] пернесін басу арқылы
процесті кез келген уақытта тоқтатуға немесе
одан бас тартуға болады.
ЖІБІТУ ФУНКЦИЯСЫ
Сіз 2 жібіту режимінің бірін таңдай аласыз:
Таңдау
Мыналар үшін
Реттелетін ауқым...
қолданылады...
dEF1
Салмағы бойынша
100-1500 г
жібіту
dEF2
Уақыт бойынша
0:10-60:00
жібіту
• Қажетті жібіту режимін таңдау үшін [Defrost/
clock] пернесін бірнеше рет басыңыз.
• Таңдауыңызға байланысты салмақты немесе
уақытты таңдау үшін бұралмалы тұтқаны
бұраңыз.
• Процесті бастау үшін [START/+30S] пернесін
басыңыз.
• dEF1 жібіту режимінде жібіткен кезде
тағамды айналдыру қажеттілігін еске
салатын дыбыстық сигнал шығады.
• Операция аяқталғаннан кейін дисплейде
«End» жазуы жыпылықтай бастайды.
АВТОМАТТЫ АСПАЗ
Сіз 8 автоматты мәзірдің бірін таңдай аласыз:
Таңдау
Мәзір
Таңдалатын салмақ...
A.1
Картоп
250 г/500 г/750 г
A.2
Паста
50 г/100 г/150 г
A.3
Пицца
200 г/400 г
A.4
Попкорн
100 г
A.5
Көкөніс
200 г/400 г/600 г
A.6
Сусын
1/2/3 шыныаяқ
(~250 мл/шыныаяқта)
A.7
Ет
200 г/400 г/600 г
A.8
Балық
200 г/400 г/600 г
• Қажетті мәзірді таңдау үшін [Menu] пернесін
бірнеше рет басыңыз.
• Мәзірдің салмағын таңдау үшін бұралмалы
тұтқаны бұраңыз.
• Процесті бастау үшін [START/+30S] пернесін
басыңыз.
• Операция аяқталғаннан кейін дисплейде
«End» жазуы жыпылықтай бастайды.
Ескертпе: Автоматты пісіру функциясын
пайдаланған кезде, пісіру алдында
тағамның температурасы шамамен бөлме
температурасында (20-25°C) болуы керек. Пісіру
алдында тағамның температурасы жоғары
немесе төмен болса, пісіру уақытын ұзарту
немесе азайту қажет.
ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫ
Сіз 3 гриль режимі арасында таңдай аласыз:
Таңдау
Режим сипаттамасы
G.
Тек гриль ғана: Тек грильдің қыздыру
элементі ғана белсенді, қысқа толқынды пеш
қосылмайды.
C-1
1-аралас режим:
30% қысқа толқынды пеш және 70% гриль
C-2
2-аралас режим:
55% қысқа толқынды пеш және 45% гриль
• Қажетті гриль немесе аралас режимді таңдау
үшін [Grill] пернесін бірнеше рет басыңыз.
• Пісіру уақытын таңдау үшін бұралмалы
тұтқаны бұраңыз. (Ауқымы: 0:10-60:00)
• Процесті бастау үшін [START/+30S] пернесін
басыңыз.
• «Тек гриль ғана» режимінде пісіру
уақытының жартысы өткен кезде, дыбыстық
сигнал естіледі, бұл тағамды аудару
қажеттілігін еске салады.
• Операция аяқталғаннан кейін дисплейде
«End» жазуы жыпылықтай бастайды.
ІСКЕ ҚОСУ/+30S ПЕРНЕСІ
Уақытты немесе салмақты орнатқаннан кейін
таңдалған әрекетті бастау үшін [START/+30S]
пернесін басыңыз. Қысқа толқынды пеш пен
гриль жұмыс істеп тұрған кезде, түймені қайта
басып, жұмыс уақытын 30 секундқа ұзартуға
болады.
ЖЫЛДАМ ІСКЕ ҚОСУ ФУНКЦИЯСЫ
Күту режимінде тағамдар қысқа толқынды
пешке салынған кезде, қысқа толқынды пешті
ең жоғары қуат деңгейінде жылдам іске қосу
үшін де [START/+30S] пернесін пайдалана
аласыз. Түймені қайта басып, жұмыс уақытын 30
секундқа ұзартуға болады.
ТОҚТАТУ ТҮЙМЕСІ
Операция басталған кезде операцияны тоқтата
тұру үшін [STOP] пернесін басуыңызға болады.
Оны тоқтатып, күту режиміне оралу үшін
қайтадан басыңыз.
БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ ФУНКЦИЯСЫ
Балалардан бұғаттау функциясын іске қосу
немесе өшіру үшін [STOP] пернесін 3 секунд
басып тұрыңыз.
Балалардан бұғаттау қосулы болған кезде,
дисплейде (
) кілт белгісі пайда болады,
ал аспаптар тақтасындағы барлық түйме оны
бұғаттан шығарғанға дейін бұғатталады.
101

Publicidad

loading