Descargar Imprimir esta página

Hilti PC 2-22 Manual De Instrucciones Original página 308

Ocultar thumbs Ver también para PC 2-22:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 59
▶ Саусақ, қол, аяқ пен басқа ден мүшелерін су ағынынан алшақ ұстаңыз. Мысалы, бүрку ағынын
іске қосқан кезде тым жақындаған жағдайда, жоғары қысымды су ағыны жарақат алуға әкелуі
мүмкін және оның күші соқырлыққа апарып соғу үшін жеткілікті.
▶ Шаңмен қатты ластанған аймақтарды тазалау кезінде әрдайым масканы киіп жүріңіз. Су
ағынынан көтерілген шаң жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Өнімді пайдалану кезінде әрдайым көз қорғанысын киіп жүріңіз. Осылайша көз жарақаттарына
және соқырлыққа жол берілмейді.
▶ ЕСКЕРТУ! Жоғары қысымды тазалағыштарды пайдалану кезінде аэрозольдер пайда болуы
мүмкін. Аэрозольдер ішке тартылған жағдайда денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Сондықтан
респираторды киіп жүріңіз.
▶ ЕСКЕРТУ! Жарылыс қаупі бар - ешқандай жанғыш сұйықтықтарды бүркімеңіз.
▶ Тазаланатын бетке және айналаңызға байланысты аэрозольдерден қажетті қорғаныс шараларын
анықтау үшін қауіп-қатерді бағалау процедурасын өткізіңіз. Құрамында су бар аэрозольдерден
қорғану үшін FFP 2, балама немесе одан жоғары кластағы респираторлар жарамды.
▶ Өзіңіз бен жаныңыздағы барлық адамдар аспапты пайдалану және оған техникалық қызмет
көрсету кезінде қорғауыш киім киіп жүруі керек. Оларға мыналар жатады: Қорғауыш көзілдірік,
қорғауыш шлем, қорғауыш құлаққап, қорғауыш қолғап, қорғауыш аяқ киім және жеңіл респиратор.
▶ Жергілікті қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаңыз.
2.3
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнын жақсы жарық түсумен қамтамасыз етіңіз.
▶ Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Нашар желдетілген жұмыс орындары
аэрозольдерді ішке тарту арқылы және шаң жүктемесінің салдарынан денсаулыққа зиян келтіруі
мүмкін.
▶ Жұмыс орнында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос
күйде сақтаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік жарақаттану қаупін арттырады.
▶ Аспапты тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдан ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
2.4
Электр қауіпсіздігі
▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
▶ Су ағынын ешқашан адамдарға, электрлік немесе электрондық аспаптарға тікелей
бағыттамаңыз.
▶ Құрылғыны жаңбырдан қорғаңыз.
2.5
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Жоғары қысымды тазалағышты қысқа уақытқа ғана бақылаусыз қалдырған жағдайда, аспапты
өшіріңіз.
▶ ЕСКЕРТУ! Өнімді ауыз су желісіне тікелей жалғауға тыйым салынады. EN 12729 Typ BA стандарты
бойынша жүйелік бөлгішті пайдаланыңыз. Осы жүйелік бөлгіш арқылы аққан суды ауыз су ретінде
пайдалануға болмайды.
▶ ЕСКЕРТУ! Қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар жоғары қысымды тазалағыштың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін маңызды. Сондықтан өндіруші ұсынған немесе өндірген түпнұсқа қосалқы
бөлшектер мен керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз.
▶ ЕСКЕРТУ!
Жоғары қысымды шлангілер, арматуралар мен муфталар жоғары қысымды
тазалағыштың қауіпсіздігі үшін маңызды.
муфталарды пайдаланыңыз.
▶ ЕСКЕРТУ! Бұл аспап жеткізілім жиынтығындағы немесе өндіруші ұсынған тазалағыш құралмен
бірге пайдалануға жобаланған.
пайдаланылуы аспаптың қауіпсіздігін бұзуы мүмкін.
302
Қазақ
Тек өндіруші ұсынған шлангілер, арматуралар мен
Басқа тазалағыш құралдардың немесе химиялық заттардың
2404922
*2404922*

Publicidad

loading