Descargar Imprimir esta página

Bosch GLF 55-6 Professional Manual Original página 114

Publicidad

114 | Қазақ
Жұмыс құралын ауыстыру
Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
u
қолғапты кию ұсынылады.
Көлемді Bosch керек-жарақтар бағдарламасына жататын
түпнұсқа фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Фреза қорабын шешу (A суретін қараңыз)
Фрезаны орнатудан бұрын алдымен фреза қорабын (2)
жетек блогынан (1) ажыратыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (12) фреза қорабында (2)
ашыңыз.
Жетек блогын жоғарыға тартыңыз.
Цангалы қысқышты алмастыру (B суретін қараңыз)
Пайдаланылатын фрезаға байланысты фрезаны
орнатудан бұрын салмалы гайканы цангалы қысқышпен
(8) алмастыру керек.
Егер фрезаңыз үшін тиісті цангалы қысқыш алдын ала
орнатылған болса, төмендегі бөлімдегі жұмыс
қадамдарын орындаңыз.
Цангалы қысқыш (16) салмалы гайка ішінде азғантай бос
орынмен орналасуы керек. Салмалы гайка (8) оңай
орнатылуы тиіс . Егер салмалы гайка немесе цангалы
қысқыш зақымдалған болса, оны дереу алмастырыңыз.
Айыр тәрізді кілтті (18) құрал бекіткішіне (17) орнатыңыз
(C1 суретін қараңыз).
Салмалы гайканы (8) сағат тілінің бағытына қарсы айыр
тәрізді кілтпен (19) бұрап шығарыңыз.
Қажет болса, құрастырмас бұрын барлық орнатылатын
бөліктерді жұмсақ шүберекпен немесе сығылған ауамен
үрлеп тазартыңыз.
Жаңа салмалы гайканы құрал бекіткішіне (17)
орнатыңыз.
Салмалы гайканы бос етіп тартыңыз.
Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
u
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Фрезаны орнату (C1 - C2 суреттерін қараңыз)
Фрезаның пайдалану мақсатына байланысты түрлі
модельдер мен сапада қол жетімді.
Фреза жылдам кесілетін болаттан дайындалған (HSS)
жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ метариалдарды
өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы кескішжиекті фрезалар (HM) қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға жақсы жарамды.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек аса таза фрезаларды пайдаланыңыз.
Құрастырылған негізді монтаждау (A
суретін қараңыз)
Фрезерлеу үшін фреза қорабын (2) жетек блогына (1)
қайта орнату керек.
Қатпарлы бұрандаманы (12) фреза қорабында (2)
ашыңыз.
1 609 92A 8RH | (10.08.2023)
Жетек блогын (1) фреза қорабына (2) жылжытыңыз.
Қатпарлы бұранданы (12) фреза қорабында (2)
жабыңыз.
Нұсқау: құлақты бұранданы (12) және домалатпа
бұранданы (6) бір-біріне алмастыруға болады.
Әрқашан орнатудан кейін жетек блогының
u
фрезерлеу қорабында берік тұрғанын тексеріңіз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты жалғау (I суретін қараңыз)
Шаңсорғышқа арналған адаптерді (11) алдыңғы жақтан
электр құралына салыңыз. Ол шерту дыбысымен
тіреледі. Адаптерді (11) алып тастау үшін бүйірінен ұстап,
алға қарай тартыңыз.
Сорғыш шлангіні (Ø 35 мм) (28) (керек-жарақ)
монтаждалған сору адаптеріне (27) енгізіңіз. Сорғыш
шлангіні (28) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес келуі қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
электр құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Кесу тереңдігін орнату
Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
u
өшірулі кезде орындау керек.
– Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
– Фрезерлеу тереңдігінің шкаласы (15) арқылы қажетті
фрезерлеу тереңдігін қолмен немесе домалатпа
Bosch Power Tools

Publicidad

loading