Жұмысты бастау
Өнімді зарядтағышпен (бөлек сатылады) зарядтауға болады.
•
Өнімнің екі зарядтау порты бар, кез келген портты пайдаланып, өнім мен басқа құрылғыларды
•
зарядтауға болады.
Зарядтаған кезде, тиімді зарядтауға кепілдік беретін және мақұлданған зарядтағышты
•
пайдаланғаныңыз дұрыс.
Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану токтың ең төмен
•
жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Өнім зарядталып жатқанда, оны пайдалануға болады, бірақ батареяны толық зарядтауға
•
ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
Зарядтау кезінде өнім қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және өнімнің қызмет мерзіміне
•
немесе өнімділігіне әсер етпеуі керек. Егер батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш
зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
Нақты сыйымдылығы (Вт·сағ) шығыс тогы мен батареяның кернеуі бойынша өлшенеді.
•
Ол шығыс қуатына, жалғанған құрылғы тізбегінің конфигурациясына және пайдалану
жағдайларына байланысты өнімде көрсетілген сыйымдылықтан (Вт·сағ) ерекшеленуі мүмкін.
Өнім дұрыс зарядталмай жатса, өнім мен зарядтағышты Samsung қызмет көрсету орталығына
•
немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Қазақ тілі
3
3