Descargar Imprimir esta página

Bosch 0601882M03 Manual Original página 189

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
OBJ_BUCH-777-010.book Page 190 Thursday, September 29, 2016 3:35 PM
190 | Қaзақша
 Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қайта қозғалу сақтағышы
(GWS 22-180 JH/GWS 22-230 JH/GWS 24-180 JH/
GWS 24-230 JH/GWS 26-180 JH/GWS 26-230 JH)
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 2 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
(GWS 22-180 JH/GWS 22-230 JH/GWS 24-180 JH/
GWS 24-230 JH/GWS 26-180 JH/GWS 26-230 JH)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ескертпе: Егер электр құралы қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу тоғын
шектеудің және қайтадан қосылудан қорғаудың және кері
соққы кезінде өшіруді істен шыққанын білдіреді. Электр
құралды жылдам сервистік қызметке жіберу керек,
мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
 Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
"Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
 Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
 Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
 Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
 Электр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
Ескертпе: Пайдаланбасаңыз желі айырын розеткадан
шығарыңыз. Электр құралы желі айыры салынып желіде
кернеу барысында өшірулі күйде да аздап тоқ
тұтынатынын ескеріңіз.
Сыдырып тегістеу
 Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
1 609 92A 2C8 | (29.9.16)
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен
бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге
болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ
болады.
Металдарды кесу
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 13
пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Бағыттауыштар бар қорғағыш қаптаманы 23 пайдалану
үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану
керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Электр құралды
әрқашан айналу
бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Электр құралды
өшіріңіз және
бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен
бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралды
біркелкі, материалға
сәйкес берумен
жылжытыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading