Бас Тұтқаны Жинау; Аэратор Блогы; Жұмыс Тереңдігін Орнату; Жұмыс Нұсқаулары - Stihl RLE 540 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 105
7.2 Бас тұтқаны жинау
Қысылу қаупі бар!
Айналмалы тұтқаны (C) босату
арқылы бас тұтқаның жоғарғы
бөлігін жинауға болады.
Сондықтан да айналмалы
тұтқаларды бұрап босату кезінде
бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (1)
əрқашан ең жоғарғы жерде бір
қолмен ұстап тұрыңыз.
Тасымалдау күйі – шағын түрде
тасымалдау жəне сақтау үшін:
● Айналмалы тұтқаларды (C) еркін
айналғанша бұрап шығарыңыз жəне
бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (1) алға
аударып, құрылғыға жайылуына
мүмкіндік беріңіз. Электрлік
кабельдің зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
Дөңгелек жалпақ басты
бұрандалардың бұрамасындағы
еркін айналу айналмалы
тұтқаның бұрандалардан
өздігінен толығымен бұрап
шығарылуына жол бермейді
(өздігінен бұрап босатылудан
қорғау).
Жұмыс күйі – құрылғыны жылжыту
үшін:
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (1)
артқа аударыңыз жəне бір қолмен
ұстап тұрыңыз.
● Айналмалы тұтқаларды (C) бұрап
бекітіңіз.
0478 670 9906 A - KK
7.3 Аэратор блогы
3
Аэратор блогын жұмыс күйіне
төмендету:
Жарақат алу қаупі бар!
Айналатын аэратор блогын
төмендеткен кезде аэратор алға
қарай қозғала бастайды.
● Аэратор блогының
иінтірегін (1) суретте
көрсетілгендей көрсеткі
бағытымен жұмыс күйіне
орнатыңыз. Аэратор блогы
орнатылған жұмыс тереңдігіне
төмендейді. (
7.4)
Аэратор блогын тасымалдау
күйіне көтеру:
● Аэратор блогының
иінтірегін (1) тасымалдау
күйіне орнатыңыз жəне
бекітіңіз.
7.4 Жұмыс тереңдігін орнату
Алты түрлі жұмыс тереңдігін
орнатуға болады.
Деңгей 1:
ең кіші жұмыс тереңдігі
Деңгей 6:
ең үлкен жұмыс тереңдігі
Реттеу ауқымы: 25 мм.
● 1 Аэратор блогының иінтірегін (1)
тасымалдау күйіне орнатыңыз жəне
бекітіңіз. (
7.3)
● 2 Жұмыс тереңдігінің айналмалы
тұтқасымен (2) қалаулы жұмыс
тереңдігін орнатыңыз.
Нұсқау:
– Қопсыту процесін əрқашан ең кіші
жұмыс тереңдігінен (1-деңгей)
бастаңыз. Егер қопсыту нəтижесі
4
жеткіліксіз болса, онда жұмыс
тереңдігін біртіндеп арттырыңыз.
– Пышақ тозуын үлкенірек жұмыс
тереңдігін таңдау есебінен азайтуға
болады.
– Жаңа пышақтармен жұмыс істегенде
5 жəне 6 деңгейлерін таңдауға
болмайды, себебі бұл жағдайда
қопсыту кезінде шөптің тамырлары
зақымдалуы мүмкін.
Жұмыс тереңдігі пышақтың
тозуына жəне топыраққа
байланысты. Пышақ айналғанда
5
жəне өз салмағының əсерінен
аэратор шөпті бетке басылады:
Сондықтан топырағы жұмсақ
жерде ол қатты топырақпен
салыстырғанда тереңірек кіреді.
8. Жұмыс нұсқаулары
6
Жарақат алу қаупі бар!
Кабель орамдарын бірден
тарқатыңыз.
Қопсытқан кезде жалғастырушы
шоғырсымды артыңызда
ұстаңыз. Жалғастырушы
шоғырсымдар қопсыту
барысында кездейсоқ кесіліп
қалуы мүмкін немесе оларға
сүрініп қалуға болады. Сол
себепті олар құлап қалу қаупіне
ие болады. Осылайша, жалғыз
əдіс — өңделетін көгалда
жалғастырушы шоғырсым
əрқашан көрініп тұратындай
жұмыс істеу.
443

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido