OBJ_BUCH-2941-001.book Page 109 Friday, August 12, 2016 8:26 AM
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Тым қатты жүктемеде аккумулятор
зарядталу күйінің индикаторы/артық жүктеме индикаторы
1 шам. 2 секундке дейін қызыл түсте жыпылықтайды. Ұзақ
уақыты артық жүктемеде бір секунд ішінде мотор және
аккумулятор зарядтау күйінің индикаторы/артық жүктеме
индикаторы 1 шам. 5 секунд қызыл түсте жыпылықтайды.
Қатты жүктелуде немесе аккумулятор температурасы
рұқсат етілген 70 °C асып кетсе электроника электр
құралын ол потималды температура аймағына
қайтпағаныша өшіреді. Аккумулятор зарядтау күйінің
индикаторы/артық жүктеме индикаторы 1 шам. 5 секунд
қызыл түсте жыпылықтайды.
Ескертпе: Аккумулятор заряды ада болған немесе ол
қызып кеткен кезде электр құрал автоматты өшсе, онда
электр құралды қосқыш/өшіргішпен 2 өшіріңіз. Электр
құралды қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз
немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы
мүмкін.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "электрондық элементтерді
қорғау (ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құрал қорағауыш
өшіргіш арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қимылдамай акумулятор зарядтау күйінің индикаторы/
артық жүктеме индикаторы 1 шам. 5 секунд қызыл түсте
жанады.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Тегістеуде ажырату қуаты тегістеу полотносына
байланысты.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты
басуға талпыныңыз.
Бұрыш, қыр және әрең жететін жайларды нақты тегістеу
үшін тегістеу пластинасының ұшын немесе қырын
пайдалану керек.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталығына барыңыз.
Bosch Power Tools
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Қaзақша | 109
1 609 92A 32J | (12.8.16)