•
Бұл құрылғыны тек Epson проекторлары үшін пайдалануға
болады.
Егер ол компьютер сияқты басқа құрылғыға орнатылған болса, ол
компьютердің бұзылуына, зақымдалуына не ақаулықтарға апарып
соғуы мүмкін.
•
Бұл құрылғыны бөлшектемеңіз не үлгісін өзгертпеңіз.
Бұл өртенуге апарып соғуы мүмкін.
•
Бұл құрылғы тек бөлме ішінде пайдаланылуға арналған.
•
РЖ əсері бойынша сəйкестілік талаптарына сай болу үшін, осы
құрылғының антеннасы мен жанындағы адамдардың
арасында кемінде 20 см қашықтық əрқашан сақталуы тиіс.
Сақтық шаралары
Қолдануға жəне сақтауға қатысты кеңестер
•
Температуралары не ылғалдылығы жоғары жерлерде сақтамаңыз. Ол
əсіресе терезелері жабық көлікте қалдырылғанда немесе тікелей күн
сəулесінің астында сияқты температуралары əдеттен тыс жоғары
жерлерде ұзақ уақытқа қойылғанда зақымдалуы не деформациялануы
мүмкін.
•
Құрылғыны суламаңыз. Бұл қателі жұмыс істеуге əкелуі мүмкін.
•
Микротолқынды пештер жанында пайдаланбаңыз. Сымсыз байланыс
микротолқынды пештер шығаратын электрмагниттік кедергімен үзілуі
мүмкін.
•
Құрылғыны құлатпаңыз, соқпаңыз немесе үстіне ауыр заттарды
қоймаңыз.
Жиілік бойынша сақтық шаралары
Бұл құрылғы үшін жиілік диапазоны - 2,4 ГГц. Жиілік ауқымы
микротолқынды пештер жəне мобильді құрылғыларды анықтау (RF-ID)
жүйелері (лицензияланған жергілікті радио станциялары жəне
лицензияланбаған арнайы төмен қуатты радио станциялары) сияқты
зауыттық өндіріс желілерінде пайдаланылатын өндірістік, ғылыми жəне
медициналық құрылғылармен бірдей жиілік диапазон болып табылады.
Бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын, жаныңызда мобильді құрылғыларды
анықтауға арналған радио станцияларының не арнайы төмен қуатты радио
станция пункттерінің жоқ екендігін тексеріңіз. Бұл құрылғы мобильді
құрылғыларды анықтау үшін пайдаланылған жерлермен электрмагниттік
түрде қиылысқан жағдайда, пайдалануды бірден доғарыңыз жəне
электрмагниттік өрістің құрылуын тоқтатыңыз. Бұл құрылғы мобильді
құрылғыларды анықтау үшін пайдаланылған арнайы төмен қуатты радио
станциясымен электрмагниттік түрде қиылысса не басқа бірдей
мəселелерді тудырса, жергілікті дилеріңізге немесе проектормен бірге
берілген "Қолдау мен қызмет көрсету нұсқаулығында" берілген ең жақын
мекенжайға хабарласыңыз.
Сақтандыру
111