Makita TD00000111 Manual De Instrucciones página 132

Portabatería
Ocultar thumbs Ver también para TD00000111:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
10. Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және
қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы
талаптарына сәйкес қарастырылады.
Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы,
үшінші тараптар, экспедиторлар үшін
қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар
сақталуы тиіс.
Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар
бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек.
Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық
қарап шығыңыз.
Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды
қаптамаға қозғалмайтындай етіп
орналастырыңыз.
Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан
11.
кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз
жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды
кәдеге жаратуға қатысты жергілікті
ережелерді орындаңыз.
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз.
Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге
орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе
электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.
13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, құралдағы
аккумуляторды алып тастау керек.
14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде
және пайдаланғаннан кейін, ол қызып,
күйікке немесе төмен температуралы
күйікке әкелуі мүмкін. Ыстық аккумулятор
картридждерімен жұмыс істегенде сақ
болыңыз.
15. Құралдың клеммасын пайдаланғаннан
кейін, оны бірден ұстамаңыз, ол күюге
себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.
16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,
саңылауларына және ойықтарына
жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуын
болдырмаңыз. Бұл құралдың немесе
аккумулятор картриджінің сынуына немесе
өнімділігінің нашарлауына алып келуі мүмкін.
17. Егер құрал жоғары вольтты электрлік қуат
желілері жанында пайдалануға жарамды
болмаса, аккумуляторлық картриджді
жоғары вольтты электрлік қуат желілері
жанында пайдаланбаңыз. Бұл құралдың
немесе аккумулятор картриджінің істен
шығуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.
18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
аккумляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа
емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген
аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт,
жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын
аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол
сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы
үшін Makita кепілдігінің күшін жояды.
Тек түпнұсқа Makita
Аккумулятордың максималды
қызмет ету мерзімін сақтау
бойынша кеңестер
1.
Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр
құралының қуаты аз екендігін байқаған
кезде, құрал жұмысын тоқтатып,
аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
2.
Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз.
Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
3.
Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C
(50 °F – 104 °F) бөлме температурасында
зарядтаңыз. Зарядтамас бұрын аккумулятор
картриджін суытыңыз.
Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
4.
уақытта оны құралдан немесе зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз.
5.
Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт
бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған
болсаңыз, оны зарядтаңыз.
БӨЛШЕКТЕР
СИПАТТАМАСЫ
Бұл ұстағышты Makita компаниясының төменде
көрсетілген желдеткіші бар күртелерімен/
кеудешелерімен және қыздырылатын күртелерімен/
кеудешелерімен/жамылғысымен пайдалануға
болады.
► Сурет1
Топ
A
Желдеткіші бар күрте/кеудеше:
DFV210, DFJ206, DFJ207, DFJ210, DFJ211,
DFJ212, DFJ213, DFJ214, DFJ216, DFJ304,
DFJ305, DFJ310, DFJ311, DFJ405, DFJ407,
DFJ410, DFJ411, DFJ416
Қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғы:
CV102D, DCV202, CJ105D, CJ106D, DCJ205,
DCJ206, CB100D, DCB200
B
Желдеткіші бар күрте/кеудеше:
DFJ212A, DFJ213A, DFJ214A, DFJ216A,
DFJ312A, DFJ416A, DFV210A, DFV214A
1.
Қуат деңгейінің индикаторы
Желдеткіші бар күрте/кеудешені пайдаланған кезде,
қуат деңгейі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Жоғарыда көрсетілген A тобының
күртелерін/кеудешелерін пайдаланатын болсаңыз,
олардың желдеткіш блогында 3 қадамдық басқару
жүйесі қолданылатындықтан, қуат деңгейінің
4-индикаторы жанбайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қыздырылатын күрте/кеудеше/
жамылғыны пайдаланатын болсаңыз, қуат
деңгейінің 4-индикаторы ғана жанады.
132 ҚАЗАҚША
Үлгісi

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Td00000110

Tabla de contenido