Makita TD00000111 Manual De Instrucciones página 133

Portabatería
Ocultar thumbs Ver también para TD00000111:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
2.
Қуат түймесі
Іске қосу үшін аккумулятор картриджін салып, қуат
деңгейінің индикаторы жанғанша қуат түймесін
басып тұрыңыз.
Желдеткіші бар күрте/кеудешенің қуат деңгейін
ауыстыру үшін қуат қосылған кезде қуат түймесін
жылдам басыңыз.
Оны өшіру үшін, қуат деңгейінің индикаторы
өшкенше қуат түймесін басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қыздырылатын күрте/кеудеше/
жамылғының жылуын өзгерту үшін, іске қосылған
кезде қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғының
түймесін басыңыз.
3.
Электрлік розетка
Күрте/кеудеше/жамылғының кабелін немесе адаптер
кабелін жалғаңыз.
4.
Желдеткіші бар күрте/кеудешеге арналған
адаптер кабелі (қосымша керек-жарақ)
Жоғарыда көрсетілген A тобының өнімдерін
пайдаланған кезде адаптер кабелін қолданыңыз.
5.
Қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғыға
арналған адаптер кабелі (қосымша керек-жарақ)
Жоғарыда көрсетілген A тобының өнімдерін
пайдаланған кезде адаптер кабелін қолданыңыз.
6.
Күрте/кеудеше/жамылғының қуат сымы
Жоғарыда көрсетілген A тобының өнімдері
үшін, желдеткіші бар күрте/кеудешеге немесе
қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғыға арналған
үйлесімді адаптер кабелін жалғаңыз.
Жоғарыда көрсетілген B тобының өнімдері үшін,
аккумулятор ұстағышының электрлік розеткасына
жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Розетканың пішіні мен орналасқан
жері күрте/кеудеше/жамылғыға байланысты
әртүрлі болуы мүмкін.
7.
Аккумулятор картриджі (қосымша
керек-жарақ)
Сырт еткен дыбыс естіліп, өз орнында
құлыпталғанша, аккумулятор картриджін ұстағышқа
итеріп салыңыз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатқан немесе алған кезде, аккумулятор
ұстағышын және аккумулятор картриджін
мықтап ұстаңыз. Аккумулятор ұстағышын және
аккумулятор картриджін мықтап ұстамасаңыз,
олардың қолыңыздан сырғып түсіп, нәтижесінде
аккумулятор ұстағышының және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және/немесе жарақат
алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
алып тастамас бұрын, құрылғыны әрдайым
өшіріп отырыңыз.
► Сурет2: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
4. Аккумулятор ұстағышы
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естіліп, өз орнында құлыпталғанша, аккумулятор
картриджін орнына итеріп салыңыз. Егер түйменің
жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп тұрса,
демек ол толығымен құлыпталмаған.
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені басып, оны аккумулятор
ұстағышынан сырғытып шығарып алыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
картриджін әрдайым қызыл индикатор
көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз.
Әйтпесе аккумулятор картриджі аккумулятор
ұстағышынан абайсызда түсіп қалып, сізді немесе
айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
күштеп орнатпаңыз. Егер аккумулятор картриджі
жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятор ұстағышын бекіту
Аккумулятор ұстағышын бел буатын белдікке іліп
қоюға болады.
Аккумулятор ұстағышының кездейсоқ түсіп кетуіне
жол бермеу үшін, бауды бауға арналған саңылаудан
өткізіп, бекітіңіз.
► Сурет3: 1. Бау тесігі
Аккумулятор ұстағышының түсіп қалуға жол
бермейтін функциясы бар. Аккумулятор ұстағышын
белдіктен алу кезінде оны босату түймесін басып
тұрып, тартыңыз.
► Сурет4: 1. Босату түймесі
133 ҚАЗАҚША
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор
Аккумулятор картриджін

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Td00000110

Tabla de contenido