244 | Қазақ
– Өлшеу құралын өшіріңіз.
– Өлшеу құралының айналасынан көрсетілуі мүмкін барлық нысандарды (сондай-
ақ қол сағатын немесе металл сақиналарды) алып тастаңыз.
Өлшеу құралын, оның артқы жағы жерге қарап тұратындай, көлденеңінен көтеріп
ұстаңыз.
Ашық жарық көздерінің немесе тікелей күн сәулесінің өлшеу құралының
жабылмаған артқы жағына тиюіне жол бермеңіз.
– Қосу/өшіру түймесін (5) және дыбыстық сигнал түймесін (7) бір уақытта басып,
жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанғанша басып тұрыңыз. Екі түймені де
жіберіңіз.
– Егер калибрлеу сәтті аяқталса, өлшеу құралы бірнеше секундтан кейін автоматты
түрде іске қосылып, жұмыс істеуге дайын болады.
Нұсқау: өлшеу құралы автоматты түрде іске қосылмаса, қосымша калибрлеу
әрекетін қайталаңыз. Өлшеу құралы сонда да іске қосылмаса, оны қорғаныш
қалтасында (19) өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде
u
зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді
болмайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін өлшеу құралын таза және құрғақ ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Жылжыманы (12) өлшеу құралының артқы жағынан алып тастамаңыз.
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі
мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
1 609 92A 5DB | (23.02.2021)
Bosch Power Tools