Bosch GNF 20 CA Professional Manual Original página 166

Ocultar thumbs Ver también para GNF 20 CA Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
OBJ_BUCH-126-002.book Page 166 Wednesday, February 19, 2014 1:49 PM
166 | Қaзақша
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Тегістеу-кесу машинасына арналған
қауіпсіздік нұсқаулары
 Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік
бекітілген, қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары
көлеміне реттелген болуы қажет, сол арқылы
ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі
пайдаланушыға ашық көрінеді. Адамдардың
айланатын ажарлауыш шарық деңгейінен қашықта
болуын қамтамасыз етіңіз. Қорғаныш қаптамасы
пайдаланушыны сынықтардан немесе ажарлау
шарығының тиюінен қорғайды.
 Электр құралыңыз үшін тек тік күшейтілген немесе
алмас салынға кесу шеңберлерін пайдаланыңыз.
Электр құралында берік бекіту мүмкіндігі бар
жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз
етеді.
 Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
 Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар
үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу
шеңберінің бетін тегістемеңіз. Кесу шеңберлері
материалды жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер
әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін.
 Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу
шеңбері үшін өлшемдері сайкес қысқыш
фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс фланецтер
тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады және оның
сыну қаупін азайтады.
 Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес
болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған
бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан
шығуы мүмкін.
 Тегістеу шеңберлері мен фланецтер электр
құралының ажарлау шпинделіне сай болуы керек.
Электр құралының ажарлау шпинделінде дұрыс
тұрмауынан жұмыс құралдары соғылып, айналады,
қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
 Бұзылған тегістеу шеңберін пайдаланбаңыз. Әрбір
пайдаланудан алдын тегістеу шеңберлерін
сынықтар және жарықтарға тексеріңіз. Электр
құралын немесе тегістеу шеңберін түсіріп алсаңыз,
3 609 929 C89 | (19.2.14)
оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған тегістеу
шеңберін пайдаланыңыз. Тегістеу шеңберін
тексеріп салу кезінде өзіңіздің және өзге
адамдардың айналатын тегістеу шеңберінен қашық
жерде тұрғанында ғана құралды бір минут ішінде
максималды айналымдар санында қосыңыз.
Зақымдалған тегістеу шеңберлері осы тексеру кезінде
бұзылады.
 Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты,
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет.
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
 Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымына
немесе өз желі кабеліне тиюі ықтимал жұмыс
кезінде құрылғының оқшауланған тұтқасынан
ұстаңыз. Тоқ өтетін сымына тию металлды құрал
бөлшектеріне тоқ беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
 Желі кабелін айналатын алмалы-салмалы аспаптан
қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды
жоғалтсаңыз, желі кабелі кесіліп немесе ілініп,
алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-
салмалы аспапқа түсіп, жаралануыңыз мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша
электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп,
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
 Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gnf 35 ca professional

Tabla de contenido