Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері; Кәдеге Жарату - Bosch Professional GNA 75-16 Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para Professional GNA 75-16:
Tabla de contenido

Publicidad

– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қалыпты алмастыру
Домалатпа бұранданы (9) қалып ұстағышынан (5) бұрап
шығарыңыз. Қалыпты (7) шығарыңыз.
Қажет болса, қалып ұстағышын (5) тазалап шығыңыз.
Жаңа, жақсылап майланған қалыпты (7) қалып
ұстағышына енгізіңіз. Жалпақ жағының тураланғанына
назар аударыңыз.
Домалатпа бұранданы (9) орнатылған резеңке сақинамен
(8) қайтадан бұрап орнатыңыз. Бұранданы алты қырлы
дөңбек кілтпен резеңке сақинаның қарсылығына қарсы
бұрап бекітіңіз (3−4 Нм).
Штемпельді алмастыру
Қалып ұстағышының бұрандасын (2) босатып, қалып
ұстағышын (5) корпустан толықтай тартып шығарыңыз.
Штемпельді (6) бүйірінен қысқыштан жылжытып, төмен
қарай тартып шығарыңыз.
Жаңа, жақсы майланған штемпельді (6) қысқыштың
ойығына орнатып, оны ортаға келтіріңіз.
Қалып ұстағышын (5) штемпель арқылы корпусқа
абайлап кері жылжытыңыз. Қалып ұстағышын қажетті
кесу бағытына қарай қолжетімді үш позицияның біріне
бұраңыз. Қалып ұстағышының бұрандасын (2) жақсылап
бұрап бекітіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Bosch Power Tools
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының
қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.
сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате
қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған
ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз
белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
болуы немесе электр құралы бөліктері мен
түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы,
жоғары температура әсерінен электр
қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы
немесе көмірленуі.)
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Қазақ | 83
1 609 92A 508 | (24.06.2019)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gna 75-16 professional3 601 e29 4

Tabla de contenido