Әзірлік қадамдары
Тасымалдаудан кейінгі тексерулер
Құрылғыны орамынан алғаннан кейін, оның бұзылмағанын және барлық жабдықтарының
болуын тексеріңіз. Құрылғыдан көзге көрінетін ақаулық белгілері байқалса, қолданбаңыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны орнату
Өте маңызды қауіпсіздік ескертулері
ЕСКЕРТУ:
• Орнату жұмыстарын жергілікті ережелерге сай білікті мамандар жүргізуі тиіс
(АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОРНАТУ ЖҮЙЕСІ тарауын қараңыз).
• Орам материалдарын (пластик дорбалар, полистерол бөлшектерін) балалардың
қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
• Құрылғыны ешбір жағдайда температурасы 0°C төмен жерге орнатуға
болмайды.
• Су қаттылығының параметрін барынша жылдам орнатыңыз, нұсқауларды
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОРНАТУ ЖҮЙЕСІ тарауынан қараңыз.
Құрылғыны жалғау
ЕСКЕРТУ:
Құрылғыны кем дегенде 10A және жерге тұйықталған, кәсіби түрде орнатылған қуат
розеткасына ғана жалғаңыз. Егер құрылғы ашасы мен розетка үйлесімді болмаса, электр
маманын шақырып, тиісті түріне ауыстырыңыз. Қауіпсіздік ережелері бойынша, орнату үшін
контакт саңылауы кем дегенде 3 мм, бірнеше полярлы қосқыш қолдану қажет. Бірнеше
ұялы адаптер немесе ұзарту сымын қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, қауіп-қатер мүмкіндігін азайту үшін, оны ауыстыру
жұмыстарын қызмет көрсету орталығының мамандары орындауы тиіс.
Қоқысқа тастау
Электр құрылғыларын қоқысқа басқа үй қоқысымен бірге тастауға болмайды.
Құрылғыларда 2002/96/CE Еуропа нұсқаулығына сәйкестік белгілері бар. Электрлі
және электронды заттарды қалыпты қоқысқа тастауға болмайды, арнаулы жинау
орталығына өткізу қажет. Құрылғыны қолданыстан дұрыс шығару қоршаған орта және
денсаулыққа зазал келтіру қаупін азайтуға үлес қосады. Үй құрылғыларын қайта қолдану
туралы қосымша ақпарат қажет болса, жергілікті құзырлы мекемеге, үй қоқыстарын жинау
қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
CE талаптарына сәйкестігі туралы мәлімдеме
Бұл құрылғының дизайны мен құрылымын әзірлеу және тарату Еуропа стандарттарына сай
іске асырылған: LVD 2014/35/EU, EMC 2014/30/EU және RoHS 2011/65/EU.
Бұл құрылғы тамақпен қатынасуға арналған және Еуропалық 1935/2004 (CE ЛОГОСЫ БАР)
нұсқаулығына жауап береді.
Құрылғының төменгі жағында көрсетілген кернеу мәндері
үйдегі қуат көзінің кернеу мәндеріне сәйкес болуын
қадағалаңыз.
Қуат көзін жабдықтаудың қуат көзінен ажырату
құрылғылары мемлекеттік стандарттарға сай болуы тиіс.
257