Bosch LR 60 Professional Manual Original página 162

Ocultar thumbs Ver también para LR 60 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
162 | Қазақ
Индикатор
Қуаты
0−5%
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Лазер қабылдағышын ылғалдан және тікелей күн
u
сәулелерінен қорғаңыз.
Лазер қабылдағышына айрықша температура
u
немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі
тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Қатты температура өзгерістерінің
жағдайында алдымен лазер қабылдағышын
қолданысқа енгізбес бұрын жылытыңыз/суытыңыз.
Айрықша температура немесе шұғыл температура
өзгерістерінің жағдайында лазер қабылдағышының
дәлдігі төмендеуі мүмкін.
Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе
u
оған кедергі келтіруі мүмкін бөгеттерден таза
ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр
беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер
немесе ұқсас материалдар арқылы өлшемеңіз.
Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі
келтірілген жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы
мүмкін.
Лазер қабылдағышын орнату (A суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне (1)
жететіндей етіп орналастырыңыз. Оны лазер сәулесі
қабылдау өрісінен көлденеңінен өтетіндей етіп туралаңыз
(суретте көрсетілгендей).
Бірнеше жұмыс режимі бар ротациялық лазерлерде ең
жоғары айналу жылдамдығымен көлденең немесе тік
жұмыс режимін таңдаңыз.
Қосу/өшіру
Лазер қабылдағышын қосқан кезде, дыбыстық
u
сигнал шығады. Сондықтан лазер қабылдағышын
қосқан кезде құлақтан немесе басқа адамдардан
алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін
зақымдауы мүмкін.
Лазер қабылдағышын қосу үшін қосу/өшіру түймесін
(19) басыңыз. Барлық дисплей индикаторлары мен
барлық жарық диодтары қысқа уақытқа жанып,
дыбыстық сигнал беріледі.
Лазер қабылдағышын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін
(19) барлық жарық диодтары қысқа мерзімге жанып,
дисплей сөнгенше басып тұрыңыз. Лазер қабылдағышын
өшірген кезде, дисплей жарықтығының реттеуінен басқа
барлық реттеулер жадқа сақталады.
Егер шамамен 10 мин ішінде лазер қабылдағышында
ешбір түйме басылмай, қабылдау өрісіне (1) 10 мин
ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер қабылдағышы
батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
1 609 92A 6AJ | (27.05.2021)
Ротациялық лазерге қосылу
Ротациялық лазер мен жинақтағы лазер қабылдағышы
зауыттан жеткізілген кезде әлдеқашан Bluetooth® арқылы
қосылып тұрады. Қосылым бар болғанда, лазер
қабылдағышының дисплейінде Bluetooth® (b) арқылы
қосылым индикаторы жанып тұрады.
Лазер қабылдағышын қайтадан қосу немесе басқа лазер
қабылдағышын ротациялық лазерге қосу үшін
ротациялық лазердегі Bluetooth® түймесін, ротациялық
лазердің дисплейінде қашықтан басқару пультімен /
лазер қабылдағышымен байланыс орнату белгісі
көрсетілгенше басып тұрыңыз. Содан кейін лазер
қабылдағышындағы X осінің (16) және Y осінің (15)
түймелерін, лазер қабылдағышының мәтіндік
индикаторында (e) P‑‑ деген хабар пайда болғанша басып
тұрыңыз.
Байланыстың сәтті түрде орнатылуы ротациялық лазердің
дисплейінде расталады. Лазер қабылдағышының мәтіндік
индикаторында (e) POK деген хабар пайда болады.
Ротациялық лазер мен лазер қабылдағышының арасында
байланыс орнату мүмкін болмаса, лазер
қабылдағышының мәтіндік индикаторында (e) PNK пайда
болып, ротациялық лазердің дисплейінде сәтсіз болған
қосылым туралы хабар көрсетіледі. Ақауды жою үшін
ротациялық лазердің пайдалану бойынша нұсқаулығын
қараңыз.
Бағыт индикаторлары
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (1) орналасуы
осылайша көрсетіледі:
– лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы
жағындағы дисплейде (5) "Ортаңғы сызық астындағы
лазер сәулесі" бағыт индикаторы (f), "Ортаңғы сызық
үстіндегі лазер сәулесі" бағыт индикаторы (j) немесе
ортаңғы сызық индикаторы (h) арқылы,
– сондай-ақ лазер қабылдағышының алдыңғы
жағындағы "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі"
деген қызыл түсті жарық диодты бағыт индикаторы
(4), "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген көк
түсті жарық диодты бағыт индикаторы (2) және жасыл
түсті жарық диодты ортаңғы сызық (3) арқылы,
– сондай-ақ дыбыстық сигнал арқылы.
Қабылдау өрісі (1) арқылы лазер сәулесі алғаш рет өткен
кезде, әрдайым қысқа дыбыстық сигнал беріледі,
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген қызыл
түсті жарық диодты бағыт индикаторы (4) және "Ортаңғы
сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген көк түсті жарық
диодты бағыт индикаторы (2) қысқа уақытқа жанады
(дыбыстық сигнал және/немесе жарық диодты бағыт
индикаторлары өшірулі болғанда да).
Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (1) жоғарғы бөлігінен өтсе, дисплейде
"Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (j) жанады.
Жарық диодтары қосулы болған кезде, "Ортаңғы сызық
үстіндегі лазер сәулесі" деген көк түсті жарық диодты
бағыт индикаторы (2) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал баяу ырғақпен
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Lr 65 g professional

Tabla de contenido