Descargar Imprimir esta página

Бұйымды Мақсатына Сəйкес Қолдану; Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер; Жеткізілім Жинағы; Қорғаныс Құрал-Жабдықтары - Kärcher BLV 36-240 Battery Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para BLV 36-240 Battery:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
 Үзіліспен жұмыс істеуге
қарағанда, үздіксіз жұмыс
істеу зиян.
Құрылғыны тұрақты жəне
ұзақ қолданған кезде жəне
саусақтардың шаншуы,
салқын саусақтар сияқты
қан айналымының нашарлау
белгілері бірнеше рет пайда
болғанда, дəрігерге қаралу
қажет.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
ЕСКЕРТУ
Құрылғы балалардың немесе физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі
адамдардың немесе осы нұсқауларды білмейтін
адамдардың қолдануы үшін арналмаған.
 Құрылғы тек сыртта жұмыс істеуге арналған.
 Құрылғыны тек қана құрғақ, жарық жақсы түсетін
ортада пайдалануға рұқсат етіледі.
 Құрылғы жапырақтар, шөп жəне басқа да бақ
қалдықтары секілді жеңіл қоқыстарды үрлеп
əкетуге жəне сорып алуға арналған.
 Құрылғы қоқыстар мен жапырақтарды сорып
алуға, оларды ұсақтауға жəне қоқыс жинағыш
қапта сақтауға арналған.
Құрылғыны суды немесе басқа сұйықтықтарды
сорып алу секілді кез-келген өзге мақсаттар үшін
пайдалануға жол берілмейді.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Қауіпсіздік қосқышы
Қауіпсіздік қосқышы қорғаныш торында бекіту
бұрандасының көмегімен іске қосылады. Бұл
желдеткіш доңғалақтарының жəне жабындайтын
пышақтардың сору құбырын алу кезінде
зақымдануын болдырмайды.
Құрылғыдағы белгілер
Пайдалану алдында нұсқаулықты
жəне барлық қауіпсіздік нұсқауларын
оқыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде
арнайы көз бен есту мүшесін
қорғайтын құралдарды киіңіз.
Құрылғыны жаңбыр немесе ылғал
жағдайларға ұшыратпаңыз.
Тасталған заттар қауіп төндіреді.
Бақылаушыларды жұмыс аймағынан
алыс ұстаңыз.
Айналмалы желдеткіштер.
Құрылғының жұмысы кезінде қолыңыз
бен мен аяғыңызды саңылаулардан
алыс ұстаңыз.
Жапсырмада көрсетілген дыбыс
қысымының кепілді деңгейі 104 dB.
Айналым жиілігін реттеу.
Қазақша
307

Publicidad

loading