Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GSA 18V-32 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GSA 18V-32 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
146 | Қазақ
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (7)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (7)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс санын басқару/алдын ала таңдау
Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (7) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелек (6) көмегімен алдын ала таңдауға немесе
жұмыс кезінде өзгертуге болады.
1: төмен жүріс саны
6: жоғары жүріс саны
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен
алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету
ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Тұрақты электроника
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі
тербелістер жиілігін тұрақты дерлік ұстайды және
біркелкі өнімділікті қамтамасыз етеді.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Кеңестер
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау
алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың
бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жарамды ара төсемін
пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын (2) дайындама бетіне қойып, материалды
бірқалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әрекетін аяқтағаннан соң электр құралын
өшіріңіз.
1 609 92A 4TL | (09.07.2019)
Ара төсемі тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз.
Араланған аралықты сайкес аспаппен аз кеңейтіп электр
құралын шығарыңыз.
Айналмалы және алынбалы тірек тақтасы (C суретін
қараңыз)
Тіреу тақтасы (2) жылжымалылығына байланысты үстіңгі
беттің қажетті бұрыштық күйіне сай келеді.
Тірек тақтасын (2) пайдаланылатын ара дискісіне және
пайдалану жағдайына байланысты бойлай бағытпен
3 деңгей бойынша жылжытуға болады.
Құлыптан босату түймесін (10) басыңыз және тірек
тақтасын (2) қажетті күйге жылжытыңыз. Құлыптан
босату түймесін жіберіңіз де, тірек тақтасының берік
бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Тірек тақтасын берік
бекітілгенше қажетінше ары жылжытыңыз.
Ара дискісінің бекіткішін (14) тазалау үшін тірек тақтасын
(2) босату түймесін (10) басып тұрып толығымен тартып
шығаруға болады. Тірек тақтасын тазалағаннан кейін
бекіткішіне тірелгенше қайтадан кіргізіңіз.
Босату түймесін жұмыс істеу кезінде баспаңыз.
u
Әйтпесе электр құралын бақылаудан айырылуыңыз
және жарақат алуыңыз мүмкін.
Батырып аралау (D суретін қараңыз)
Батырып аралау кезінде тек ағаш, гипсокартон
u
және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге
болады! Батырып аралау кезінде металл заттарды
өңдемеңіз!
Батырып аралау үшін максималды ұзындығы
u
100 мм болатын ара дискілерін ғана
пайдаланыңыз. Ұзын ара дискілерімен тірек тақтасын
орнатуға болмайды және электр құралы қажетті
дәрежеде тұрақты болмайды.
Электр құралын тірек тақтасының (2) жиегімен ара
дискісін (1) дайындамаға тигізбей дайындамаға қойыңыз
және іске қосыңыз. Жүріс санын басқару блогы бар
электр құралдарында максималды жүріс санын таңдаңыз.
Электр құралын дайындамаға қатты басып, ара төсемін
дайындамаға баяу кіргізіңіз.
Тірек тақтасы (2) дайындамаға толықтай жайылғанда,
қалаулы кесік сызығымен аралаңыз.
Белгілі бір жұмыстарда ара дискісін (1) 180°-қа бұрап
(тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға және электр
құралын тиісінше бұрап бағыттауға болады.
Тығыз аралау (E суретін қараңыз)
Икемді биметалл ара төсемдері, мысалы, су құбырлары
және т.б. сияқты дөңес құрылыс элементтерін тікелей
қабырғада аралауға мүмкіндік береді.
Ара төсемі әрдайым өңделетін дайындама
u
диаметрінен ұзын болғанына көз жеткізіңіз. Кері
соққы қаупі бар.
Ара төсемін қабырғаға тығыз қойып, электр құралын
шетінен басып, тірек тақтаны қабырғаға тигізіп аздап
қисайтыңыз. Электр құралын қосып дайындаманы
тұрақты реттегі басымбен аралаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gsa 18v-32

Tabla de contenido