Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Пайдалануға Ендіру - Bosch Professional GEX 125-1 A Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para Professional GEX 125-1 A:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
OBJ_BUCH-315-005.book Page 121 Thursday, November 27, 2014 9:23 AM
Ажарлау парағын 6 тегістеу тәрелкесінде 5 дәл реттеу
үшін суретте көрсетілгендей аспаптар шабаданындағы
реттеу көмегін пайдалануға болады. Тегістеу парағын
жабысқақ матамен жоғарыға реттеу көмегіне қойып,
электр құралын тегістеу тәрелкесімен басыңыз.
Тегістеу тәрелкесін таңдау
Жұмысына қарай электр құралын түрлі қаттылықты
тегістеу тәрелкелерімен жабдықтау мүмкін:
– Тегістеу тәрелкесі өте жұмсақ: жылтырату мен нәзік
тегістеуге арналған, дөңес аймақтарды да.
– Тегістеу тәрелкесі орташа қаттылықта: барлық тегістеу
жұмыстарына сәйкес, әмбебап пайдаланылады.
– Тегістеу тәрелкесі қатты: тегіс аймақтарды қатты
тегістеу қуаты үшін.
Тегістеу тәрелкесін алмастыру
(В суретін қараңыз)
Ескертпе: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін 5 бірден
алмастырыңыз.
Тегістеу дискісін немесе жылтырату аспабын шешіңіз.
4 бұранданы 7 толық шығарып, тегістеу тәрелкесін 5
шығарыңыз. Жаңа тегістеу тәрелкесін 5 орнатып,
бұрандаларды қайта тартыңыз.
Ескертпе: Тегістеу тәрелкесін орнатуда ұстағыш тістері
тегістеу тәрелкесінің тесіктеріне кіруін қамтамасыз етіңіз.
Ескертпе: Зақымдалған тегістеу тәрелкесінің ұстағышы
тек өкілетті Bosch электр құралдарының қызмет көрсету
орталығы арқылы алмастырылуы керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң жәшігімен өзіндік шаңсору
(C1–C4 суреттерін қараңыз)
Шаң жәшігін 3 сору құбырына 8 тірелгенше орнатыңыз.
Шаң қорабының толу күйі 3 мөлдір контейнер арқылы
бақылануы мүмкін.
Bosch Power Tools
Шаң қорабын 3 босату үшін оны бұрап, төмен тартыңыз.
Шаң жәшігін 3 ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.
Шаң жәшігін 3 бекем ұстап, сүзгі элементін 9 жоғарыға
шығарып, шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі элементінің 9
тілімшелерін жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.
Сыртқы сорғыш (D суретін қараңыз)
Сорғыш шлангті 10 аспирациялық клте құбырға 8
орнатыңыз. Сорғыш шалнгті 10 сорғышқа қосыңыз. Осы
пайдалану нұсқаулығының басында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 оңға
„I" күйіне жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 1 солға „0"
күйіне жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тербелу санын таңдау (GEX 125-1 AE)
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 2 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1–2
төмен тербелу саны
3–4
орташа тербелу саны
жоғары тербелу саны
5–6
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Тегістеу тәрелкесінің тежегіші
Кірістірілген тегістеу тәрелгесінің тежегіші бос жүрісте
тербелу санын төмендетіп электр құралын дайындамаға
қоюда сызат пайда болуының алды алынады.
Егер бос жүріс тербелу саны көтерілсе, тегістеу тәрелкесі
зақымдалған болып оны алмастыру керек немесе тегістеу
тәрелкесінің тежегіші тозғын. Тозған тегістеу тәрелкеснің
тежегіші өкілетті Bosch электр құралының қызмет көрсету
орталығында алмастырылуы қажет.
Қaзақша | 121
1 609 92A 0ZY | (27.11.14)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gex 125-1 aeGex 125-1 a professionalGex 125-1 ae professional

Tabla de contenido