Stihl ADVANCE ProCOM Instrucciones De Mantenimiento página 227

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 42
• Шлем бекіткіші күту күйінде тұрған күйде шлемді
сақтауға болмайды. Бұл шлемнің бекітпесіне күш
түсіреді.
• Шлемді пайдаланбайтын кезде тостағандардың тұрақ
күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл шлемнің бекітпесіне
түсетін күшті азайтады.
4. ОРНЫҚТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
4.1 ADVANCE ProCOM имек тұтқасының түрі
(G:1) Құлаққаптарды тағар алдында оның астынан
шаштарды алыңыз.
(G:2) Ортаңғы таспаны екі жағына біркелкі созу арқылы
имек тұтқаны реттеңіз.
(G:3) Құлаққаптарды орнықтырып, құлағыңыздың
айналасында тығыз орналасқанын тексеріңіз.
(G:4) Тығыз және қолайлы орнығуын қамтамасыз ету
үшін имек тұтқаны жоғары немесе төмен қарай сырғыту
арқылы оны реттеңіз.
(G:5) Құлаққаптар құлағыңызды толығымен қоршап
тұрғанына көз жеткізіңіз. Микрофонды аузыңызға
жақындатып орналастырыңыз.
(G:6) Гарнитураны алып тастау үшін құлаққаптардың
жұмыс күйінде тұрғанына көз жеткізіп, гарнитураны
басыңыздан шешіп алу үшін құлаққапты екі жағынан
тартыңыз.
4.2 ADVANCE ProCOM - Function Universal, ADVANCE
X-Climb немесе ADVANCE Vent/X-Vent шлемдеріне
арналған адаптерлерімен
(H:1) Құлаққаптарды тағар алдында оның астынан
шаштарды алыңыз.
(H:2) Құлаққаптарды күту күйіне орнатып, шлемді
басыңызға киіңіз. Шлемнің тығыздап және мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
(H:3) Шлемнің басыңызда тұрып, құлаққаптардың
құлағыңызды толығымен жауып тұрғанына көз жеткізіңіз.
(H:4) Құлаққаптардың биіктігін реттеңіз және оның
құлағыңызды толығымен қоршап, тығыз және қолайлы
орныққанына көз жеткізіңіз.
(H:5) Құлаққаптардың мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Микрофонды аузыңызға жақындатып орналастырыңыз.
(H:6) Шлемді алып тастау үшін құлаққаптардың тұрақ
күйінде тұрғанына көз жеткізіп, шлемді басыңыздан
шешіп алыңыз.
5. ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ (Сонымен қатар
жылдам бастау нұсқаулығын қараңыз)
5.1 STIHL бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алу
• ADVANCE ProCOM қолданбасы
- Android: Google Play Store > ADVANCE ProCOM
- iOS: App Store > ADVANCE ProCOM
• STIHL Device Manager
STIHL Device Manager қолданбасы бағдарламалық
жасақтаманы компьютерден жаңартуға және
параметрлерді конфигурациялауға мүмкіндік береді.
STIHL Device Manager қолданбасын support.stihl.com
парақшасынан жүктеп алыңыз.
• Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
Гарнитураның бағдарламалық жасақтамасын жаңартуға
болады. Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін
STIHL Device Manager қолданбасын пайдаланыңыз.
Бағдарламалық жасақтаманың соңғы нұсқасын
support.stihl.com парақшасынан қарауға болады.
5.2 Батареяны зарядтау
ЕСКЕРТУ
Батареяны зарядтау кезінде мақұлданған және
еліңіздегі тиісті заңнаманың талаптарына сәйкес келетін
зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Мақұлданбаған
зарядтағышты пайдалану өртке, жарылысқа, батареяның
ағуына және басқа да қауіптерге әкеліп, олар өз кезегінде
батареяның жарамдылық мерзімін қысқартуы немесе
өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Бірге берілген USB қуат және деректер кабелін
компьютердің USB портына немесе қабырғадағы USB
зарядтағышына жалғау арқылы гарнитураны зарядтауға
болады. Құрылғыларды зарядтау үшін кез келген
стандартты USB-C кабелін пайдалануға болады. Толық
зарядтау үшін шамамен 2,5 сағат қажет.
ЕСКЕРТПЕ:
• Зарядтап болған соң, USB портын резеңке қақпақпен
дұрыстап жабыңыз.
• Гарнитура 5 В/1.000 мА кірісі бар және USB арқылы
зарядталатын құрылғылармен ғана үйлесімді.
• Батареяны зарядтау кезінде сары және жасыл жарық
диодтары кезектесіп жыпылықтайды.
• Толық зарядталған батареяны зарядтаған кезде,
жасыл жарық диоды екі нұсқада жыпылықтайды.
5.3 Гарнитураны қосу және өшіру
Гарнитураны қосу үшін көп функциялы түймені 2 секунд
басып тұрыңыз. Күшейе түсетін дыбыстық сигналдарды
және "Hello" деген дауыстық хабарламаны естисіз.
Гарнитураны өшіру үшін көп функциялы түймені
2 секунд басып тұрыңыз. Бәсеңдей түсетін дыбыстық
сигналдарды және "Goodbye" деген дауыстық
хабарламаны естисіз.
ЕСКЕРТПЕ: гарнитура қосылған кезде Mesh Intercom
автоматты түрде іске қосылады.
5.4 Батарея деңгейін тексеру
Батарея деңгейін гарнитураны қосқан немесе
өшірген кезде қарауға болады. Батарея күйін сол жақ
құлаққаптағы жарық диоды көрсетеді.
• Жасыл түспен жыпылықтау = Жоғары, 70–100%.
"Battery level is high" деген дауыстық хабарламаны
естисіз.
• Сары түспен баяу жыпылықтайды = Орташа, 30–70%.
"Battery level is medium" деген дауыстық хабарламаны
естисіз.
• Қызыл түспен тез жыпылықтайды = Төмен, 0–30%.
"Battery level is low" деген дауыстық хабарламаны естисіз.
219
KAZ

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido