Bosch PTD 1 Manual Original página 124

Ocultar thumbs Ver también para PTD 1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
124 | Қазақ
Төмен эмиссия дәрежесі: фарфор (ақ),
лак (ақшыл), тығын, мақта
Таңдалған мысалдар үшін мынадай эмиссия дәрежесі
көрсетіледі:
– жоғары эмиссия дәрежесі: 0,95
– орташа эмиссия дәрежесі: 0,85
– төмен эмиссия дәрежесі: 0,75
Эмиссия дәрежесін өзгерту үшін эмиссия дәрежесі
түймесін (14), келесі өлшеу әрекетіне жарамды эмиссия
дәрежесіне арналған индикатор (g) таңдалғанша
басыңыз.
Дұрыс температура өлшемдері тек реттелген
u
эмиссия дәрежесі мен нысанның эмиссия
дәрежесі сәйкес келгенде мүмкін болады.
Нысандар тым жоғары немесе тым төмен
температурамен көрсетіліп, бұл жанасу әрекеттерінің
кезінде қауіпті жағдайды тудыруы мүмкін.
Беткі температураны өлшеу кезіндегі өлшеу ауданы
Өлшеу құралы шығаратын лазер шеңбері инфрақызыл
сәулеленуі беткі температураны түйісусіз өлшеу кезінде
сәйкес келетін өлшеу ауданын көрсетеді.
Ортаңғы лазер нүктесі өлшеу ауданының ортаңғы
нүктесін белгілейді. Оңтайлы өлшеу нәтижесіне қол
жеткізу үшін өлшеу құралын, лазер сәудесі өлшеу
ауданына осы нүктеде тігінен тиетіндей етіп туралаңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазер шеңберінің және осылайша өлшеу ауданының
көлемі өлшеу құралы мен өлшеу нысаны арақашықтығы
үлкейген сайын көтеріледі. Оңтайлы өлшеу
арақашықтығы 0,5 м және 1 м аралығын құрайды.
Өлшеу құралын ыстық беттерге тікелей тигізбеңіз.
u
Өлшеу құралы жылудан зақымдалуы мүмкін.
Көрсетілген өлшеу нәтижесі өлшеу ауданының
шеңберінде өлшенген температуралардың орташа мәні
болып табылады.
Өлшеу шарттары бойынша нұсқаулар
Қатты шағылысатын, жылтыр немесе мөлдір беттер
(мысалы, жылтыр плиткалар, тот баспайтын болаттан
жасалған қасбеттер немесе кәстрөлдер) беткі
температураны өлшеу әрекетіне әсер етуі мүмкін. Қажет
болса, өлшеу ауданына жылуды өткізетін қоңыр, күңгірт
жабысқақ таспаны жабыстырыңыз. Таспаның
температурасын үстіңгі бетке қысқаша бейімдеңіз.
Мөлдір материалдар арқылы өлшеу негізінде мүмкін
емес.
Өлшеу шарттары неғұрлым жақсы және тұрақты болса,
өлшеу нәтижелері соғұрлым дәл және сенімді болады.
Ауа ылғалдылығы мен қоршаған орта температурасының
датчигі (1) химиялық зиянды заттектерден, мысалы,
лактар не бояулардың булануынан зақымдалуы мүмкін.
Инфрақызыл температураны өлшеу әрекетіне түтін, бу
немесе шаңды ауа әсер етеді.
1 609 92A 4NX | (20.04.2021)
Сондықтан өлшеуден бұрын, әсіресе ауа лас немесе булы
болғанда, бөлмені желдетіңіз. Мысалы, душқа түскеннен
кейін ванна бөлмесінде бірден өлшемеңіз.
Бөлмені желдеткеннен біраз уақыт температурасын
әдеттегі температураға жеткенше қалпына келтіріңіз.
Қоршаған орта температурасы мен салыстырмалы ауа
ылғалдылығы тікелей өлшеу құралында ауа ылғалдылығы
мен қоршаған орта температурасының датчигі (1)
арқылы өлшенеді. Сенерлік нәтижелерге қол жеткізу
үшін өлшеу құралын жылытқыштар немесе ашық
сұйықтықтар сияқты кедергі көздерінің үстінен немесе
жанында ұстамаңыз. Датчикті (1) еш жағдайда үстінен
жаппаңыз.
Өлшеу функциялары
Бір реттік өлшеу
Өлшеу түймесін (4) бір рет қысқаша басу арқылы лазерді
қосып, бір реттік өлшеу әрекетін таңдалған режимде іске
қосасыз. Өлшеу процесі 1–2 секундқа созылуы мүмкін
және (l) жолағындағы айналмалы дисплей сегменттері
арқылы көрсетіледі.
Өлшеу әрекеті аяқталғаннан кейін, лазер автоматты түрде
өшіп қалады.
Дисплейде соңғы өлшеу нәтижелері көрсетіледі, оған
қоса HOLD индикаторы (m) жыпылықтайды. Сигналдық
шам соңғы индикация кезінде өзгеріссіз қалады.
Үздіксіз өлшеу
Үздіксіз өлшеу әрекеттері үшін таңдалған режимде өлшеу
түймесін (4) басып тұрыңыз. Лазер қосылған күйде
қалады. Лазер шеңберін баяу жылжыту арқылы
температурасын өлшегіңіз келетін барлық беттерге
дәйекті түрде бағыттаңыз. Ылғалдылық пен қоршаған
орта температурасын өлшеу әрекеттері үшін өлшеу
құралын бөлме ішінде баяу жылжытыңыз.
Дисплейдегі индикатор және сигналдық шам (8) үздіксіз
жаңартылады. Өлшеу түймесін (4) жібергеннен кейін,
өлшеу әрекеті тоқтап қалады да, лазер өшіп қалады.
Дисплейде соңғы өлшеу нәтижелері көрсетіледі, оған
қоса HOLD индикаторы (m) жыпылықтайды. Сигналдық
шам соңғы индикация кезінде өзгеріссіз қалады.
Беткі температура режимі (A суретін қараңыз)
Беткі температура режимінде өлшеу нысанының беткі
температурасы өлшенеді.
Беткі температура режиміне
ауысу үшін беткі температура
режимі түймесін (11)
басыңыз. Дисплейде растау
ретінде (k) индикаторы пайда
болады.
Өлшеу түймесін (4) басып, лазер шеңберін өлшеу
нысанының ортасына тігінен бағыттаңыз. Өлшеу әрекеті
аяқталғаннан кейін, өлшенген беткі температура
(l) жолағында көрсетіледі.
Беткі температура режимінде сигналдық шам (8)
жанбайды.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido