Қауіпсіздік Нұсқаулары - ZIPPY Zy Safe Primecare D9 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 15
Осы 0-1-2 топтарына арналған көлік отырғышын сатып алғаныңыз үшін рақмет. Егер
осы өнім бойынша көмек қажет болса немесе егер қосымша құралын ауыстырғыңыз
келсе, тұтынушы қызметі бөліміне хабарласыңыз (байланыс ақпараты артында).
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУДЫ БАСТАУ АЛДЫНДА ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ. ЕГЕР
ОТЫРҒЫШ ДҰРЫС ОРНАТЫЛМАСА, БАЛАҢЫЗҒА ҚАУІП ТӨНУІ МҮМКІН. БҰЛ
БАЛА ОТЫРҒЫШЫН АУА ҚАЛТАШАЛАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ЖОЛАУШЫ
ОТЫРҒЫШТАРЫНДА ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!
Отырғышты UN/ECE 16 немесе басқа тең қауіпсіздік стандарттарымен бекітілген
үш нүктелі белдік арқылы алға қаратып немесе артқа қаратып орнату керек. Оны
бүйіріне немесе артқа қарайтын отырғыштарда пайдаланбаңыз. Баланың белдігін
тағып, дұрыс реттеуді үнемі есте сақтаңыз және осы нұсқауларда көрсетілгендей
алдымен отырғыштың жолаушы отырғышына дұрыс бекітілгенін тексермей көлікті
оталдырмаңыз. Белдік бауларының қатты тағылғанын және иық бауының жамбасы-
на ыңғайлап төменірек орналасқанын тексеру маңызды. Белдік пен баулардың ши-
ратылып қалмағанын тексеріңіз. Қорғауды барынша жақсарту үшін көлік отырғышы
мен жолаушы отырғышының арасы босаңдау болмауы керек. Осы нұсқауларда
ұсынылатын әдісті қараңыз. Отырғыш бөліктеріне тимеу керек және оған басқа
құралдар қоспау қажет. Келеңсіз оқиға кезінде ауыр соққыға шалдыққан немесе
тозған кезде көлік отырғышын ауыстыруға кеңес беріледі. Белдікте тозу белгілерін
жиі тексеру қажет; әсіресе, белдік нүктелері, жапсарлар және реттеу құрылғылары.
Бұл отырғышта балаңызды мүлдем қараусыз қалдырмаңыз. Отырғыштың ешбір
бөлігі есікте немесе бүктелетін жолаушы отырғышында қысылып қалмағанын
тексеріңіз. Егер көлікте бүктелетін артқы отырғышы болса, оның тік күйде дұрыс
құрсауланғанын тексеріңіз. Тік күн сәулесі түсетін жерге қою көлік ішіндегі тем-
ператураны көтереді. Осы себепке байланысты бөліктері, әсіресе бекіткіштері
ысып кетіп, баланы күйдіріп жібермеуі үшін пайдаланылмаған кезде баланың
көлік отырғышын қаптап қоюға кеңес беріледі. Көлік отырғышын қаптамасыз
пайдаланбаңыз және оны тек өндіруші кеңес еткен қаптамамен ауыстырыңыз.
Келеңсіз оқиға кезінде бала жылдам босауы керек. Сондықтан, оңай ашылатын
тоғаны жаппау керек. Балаға тоғамен ойнамауды нұсқаңыз. Белдік тоғасында не-
месе орталық реттегіште ас қалдықтары немесе басқа зат қалып қоймағанын үнемі
тексеріңіз. Көліктегі жүк және басқа ауыр немесе өткір заттарды бекітіп қою ке-
рек.Тіркелмеген заттар келеңсіз оқиға кезінде баланы жарақаттауы мүмкін. Қыста
пайдаланған кезде балаға тым зілдей киім кигізбеңіз.
0-1-2 тобының көлік отырғышы
(1)
Бұл отырғыш 0-1-2 тобы ретінде салмағы 0 және 25 кг аралығындағы
балаларға арналған.
1. Сырты + қаптама
2. Белдік + иық қорғанышы (x2)
3. Реттегіш (x2)
4. Реттеу бауы (x2)
5. Белдік тоғасы
45
Пайдаланушы нұсқаулығы - KZ

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido