Құрылғыны пайдалану
1
Level Link
Жіберу режимін белсендіру үшін режим қосқышын оңға сырғытыңыз.
2
Level Link
Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін көп функция түймесін шамамен
3 секунд бойы басып тұрыңыз.
3
Level Link
Level Link құрылғысын жұптастырылған аудио құрылғыдан 30 см аралығында
қойыңыз.
Level Link және аудио құрылғы енді Bluetooth арқылы қосылады. Қосылу сәтсіз аяқталса,
аудио құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз. Содан кейін жоғарыдағы қадамдарды
қайталаңыз.
4
Аудио кабельді Level Link құрылғысының аудио ұяшығына қосыңыз. Содан кейін аудио
кабельдің екінші соңын мультимедиалық ойнатқыштың аудио шығыс ұяшығына қосыңыз.
• Bluetooth арқылы қосу әдісі қосылған құрылғыларға байланысты өзгеріп отыруы
мүмкін. Қосымша ақпаратты жалғанған құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Level Link теледидарға жіберу режимінде қосылса, бейне мен дыбыстың ауытқуы
мәселелері орын алуы мүмкін. Level Link құрылғысын aptX Low Latency кодегін
қолдайтын теледидарға қосу ұсынылады.
• Level Link құрылғысын мультимедиалық ойнатқышпен бірге пайдаланғанда
кенет, қатты дыбыстарды болдырмау үшін аудио кабельді ажырату адлында
мультимедиалық ойнатқыштың дыбыс деңгейін азайтыңыз.
• Қосылған мультимедиалық ойнатқыштың дыбыс деңгейіне байланысты
дыбыс деңгейін төмендеуі немесе шу болуы мүмкін. Мұны болдырмау үшін
мультимедиалық ойнатқыштың дыбысын тиісті түрде реттеңіз.
Қазақ тілі
13
11