Philips LivingColors Generation2 69175 Serie Manual Del Usuario página 91

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 44
ұзындығын реттеу үшін, тіректің
ортасындағы сақинаны бұрап, үстіңгі
жағын қажетті ұзындыққа дейін реттеңіз де,
сақинаны орнына қойып бекітіңіз.
-
Артындағы түймені сырғытып, қашықтан
басқару құралының батарея бөлімінің
қақпағын ашыңыз. AAA түріндегі 3 батарея
(+ және – жағы сәйкесінше салыну керек)
салыңыз.
2. Өзіңіз қалаған жағдайды жасаңыз:
-
Түс шеңберіндегі керекті түсті түрту. Түсті
жақсарту үшін, саусақты түс шеңберінің
бойымен жылжытуға болады.
-
Түс қанықтығын өзгерту (ағымдағы түске
қосымша ақшылдық беру). Түсті қоюлату
үшін, түс қанықтығын арттыру түймесін,
ал түсті ашық ету үшін, түс қанықтығын
азайту түймесін басыңыз.Түс қанықтығын
азайту түймесі ұзақ басылып тұрса,
соңында түссіз жарық жанады.
-
Күңгірттеу. Жарық күшінің деңгейін
күңгірттеу түймелері арқылы арттыруға
немесе азайтуға болады.
-
Түсті автоматты өзгерту режимін
таңдау. Саусақты түс дөңгелегі бойымен
айналдыра жүргізіп (толық бір айналым),
«I» (Қосу) түймесін басып қалыңыз;
LivingColors шамы түсті автоматты түрде
өзгерту режиміне қосылады: шам түстерді
автоматты өзгерте бастайды.
Түстердің ауысу жылдамдығын реттеуге
болады. Жылдамдықты, сағат тілінің
бағыты бойынша, жылдамнан (түс
шеңберіндегі қою көк) баяуға (күлгін)
өзгертуге болады. Түс шеңберінің кез
келген жерін түртуге болады. Түсті
автоматты өзгерту режимінде түстердің
қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге
болады.
Тұрақты түс режиміне қайту үшін, түс
шеңберін қайта айналдырып, «0»түймесін
басыңыз. Әйтпесе, алдымен «0», одан
кейін «I» түймелерін басып, LivingColors
шамын өшіріп, қайта қосуға болады.
-
Егер белгілі бір жарық параметрі ұнаса
(мысалы, аздап күңгірттелген қызыл),
кейін оңай қалпына келтіру мақсатында
осы реңкті сақтауға болады. Ол үшін,
қашықтан басқару құралы сигнал бергенше
Реңк түймелерінің біреуін басып тұрыңыз.
Реңк басылған Реңк түймесіне сақталады.
Осы жолмен бір түсті автоматты өзгерту
режимінің белгілі бір жылдамдығын да
сақтауға болады.
Жарықтың керек түрде реттелуін
жалғастыруға болады. Кез келген уақытта,
сақталған реңкке қайту үшін, сақтау кезінде
басылған Реңк түймесін басыңыз. Сол
реңк түймесі жанып, реңктің таңдалғанын
көрсетеді, ал LivingColors шамы сақталған
параметрге өтеді.
Ең көбі 3 реңк (әр Реңк түймесі үшін
біреуден) сақтауға болады.
«0» (Өшіру) түймесін басып қалып,
LivingColors шамын өшіріңіз. LivingColors
шамы соңғы қолданылған режимді келесі
қолданыс үшін сақтайды. Оны қайтадан
қосу үшін, «I» (қосу) түймесін басыңыз.
3. LivingColors шамын басқа Philips
LivingAmbiance өнімдеріне жалғау
Philips LivingAmbiance түрлі өнімдерін
LivingColors шамының қашықтан басқару
құралына жалғауға болады. Осылайша, бір-
біріне жалғанған өнімдерді бірге немесе әр
қайсысын бөлек бір қашықтан басқару құралы
арқылы реттеуге болады.
1. Басқа Philips LivingColors шамдарын
қашықтан басқару құралына жалғауға
болады. Philips LivingColors шамдарының
көбі осы қашықтан басқару құралымен
жұмыс істейді: жалғанатын LivingColors
өнімінде SmartLink логотипінің бар-жоғын
тексеріңіз. SmartLink логотипі бар өнімдер
қашықтан басқару құралына жалғанады.
Philips LivingColors шамын қашықтан
басқару құралына жалғау үшін, қашықтан
басқару құралын шамға жақындатып,
«I» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3
рет жыпылықтайды. Қашықтан басқару
құралы сигнал бергенше «I» түймесін
басып тұрыңыз; шам жасыл түспен біраз
жыпылықтайды. Шам енді қашықтан
басқару құралына жалғанды және соңғы
қолданылған параметрмен қосылады.
LivingAmbiance шамы үшін түссіз жарықты
да жалғауды ұмытпаңыз. Оны 2-тармақта
сипатталған LivingWhites өнімдерін жалғау
әдісі бойынша жалғауға болады.
LivingColors шамын қашықтан басқару
құралынан ажырату қажет болса, құралды
шамға жақындатып, «0» түймесін басып
тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтайды.
Қашықтан басқару құралынан дыбыс
естілгенше «0» түймесін басып тұрыңыз.
Шам баяу сөнеді.
91

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Livingcolors generation2 69176 serieLivingcolors generation2 69176/48/phLivingcolors generation2 69175/48/ph

Tabla de contenido