Philips LivingColors Generation2 69175 Serie Manual Del Usuario página 92

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 44
2. Бұған қоса, Philips LivingWhites
өнімдерін де (штепсельдік ұштар,
қуат үнемдегіштер және шамдар)
қашықтан басқару құралына жалғауға
болады. Philips LivingWhites өнімін қосу
үшін, қашықтан басқару құралын оған
жақындатып, «I» түймесін басып тұрыңыз.
Шам 3 рет жыпылықтайды. Қашықтан
басқару құралынан дыбыс естілгенше
«I» түймесін басып тұрыңыз; шам екі
рет жыпылықтайды. Ол енді қашықтан
басқару құралына жалғанды және соңғы
қолданылған параметрмен қосылады.
LivingWhites өнімін қашықтан басқару
құралынан ажырату қажет болса, құралды
өнімге жақындатып, «0» түймесін басып
тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтайды.
Қашықтан басқару құралынан дыбыс
естілгенше «0» түймесін басып тұрыңыз.
Шам баяу сөнеді.
3. Қашықтан басқару құралын да басқа
Philips LivingAmbiance өнімдерінің
қашықтан басқару құралына жалғауға
болады. Қашықтан басқару құралыңызға
SmartLink логотипі бар кез келген
LivingColors немесе LivingWhites қашықтан
басқару құралы жалғанады. Басқа
қашықтан басқару құралын жалғау сол
шамдарды екі түрлі қашықтан басқару
құралымен басқару мүмкіндігін береді.
Мысалы, бір шамда 6 түрлі жарық
реңктерін (әр қашықтан басқару құралынан
үшеуден) жасауға болады. Қосымша
LivingColors немесе LivingWhites қашықтан
басқару құралын қосу үшін, мына
әрекеттерді орындаңыз:
a. Қосылатын қашықтан басқару құралын
бастапқы қалпына келтіріңіз, яғни
батарея бөлімінің қақпағын ашып, RESET
(«Бастапқы қалпына келтіру») түймесін
бірнеше секунд басып тұрыңыз (мысалы,
қағаз қыстырғышпен). Батареяларды
салыңыз. Бастапқы қалпына келгенде,
қашықтан басқару құралы дыбыс
шығарады.
b. Бастапқы қалпына келтірілген қашықтан
басқару құралын қолданыстағы құралға
жақындатыңыз. Дыбыс шығарғанша,
қашықтан басқару құралдарының «I»
түймелерін басып тұрыңыз. Қашықтан
басқару құралдары жалғанды. Енді
қолданыстағы шамдарды жаңа қашықтан
басқару құралына жалғауға және барлық
шамдарды осы екі құралдың кез келген
біреуімен басқаруға болады.
c. Егер қосылып жатқан қашықтан басқару
құралы дөңгелек болса, оның көшірмесін
жасауға да болады: оны дереу бастапқы
қашықтан басқару құралы жалғанған
шамдарға жалғауға болады. Қашықтан
басқару құралының көшірмесін жасау үшін,
«б» тармағындағы әрекеттерді қайталаңыз.
Philips LivingColors қашықтан басқару
құралына бір немесе бірнеше шам
жалғағаннан кейін осы шамдардың барлығын
бірге немесе бөлек басқаруға болады.
Бір шамды басқару үшін, оны таңдау
керек (LivingColors түрлі түсті және түссіз
шамы үшін түрлі түсті және түссіз жарықты
бөлек таңдау керек). Оны жарық таңдау
түймелерінің бірімен жасауға болады.
Жарық таңдау түймелерінің бірін басып
тұрған кезде, таңдалған шам жыпылықтай
бастайды. Егер бұл реттелетін шам болмаса,
түймені жіберіп, қайта басыңыз (басқа шам
жыпылықтай бастайды). Шам таңдалғанда,
қашықтан басқару құралындағы жарық
таңдау көрсеткіші (лампа) жанады. Бұл енді
тек таңдалған шамды реттеуге болатынын
білдіреді.
Ешбір жарық таңдалмаса (жарық таңдау
көрсеткіші өшірулі), реттеулердің барлығы
қашықтан басқару құралына жалғанған бүкіл
шамдарға қолданылады (мысалы, бөлмедегі
барлық шамдарды күңгірттеуге болады).
Әртүрлі шамдардағы жарық параметрлерінің
белгілі бір біріккен түрі ұнаса, оны, осы
нұсқаулықтың 2-бөлімінде сипатталған
жолмен, реңк ретінде сақтауға болады.
4. Жиі қойылатын сұрақтар
Мына жағдайларда жасалатын әрекеттер:
o
LivingColors шамы жарық шығармай
тұр
o Қуат сымының шамға жалғанғанын
тексеріңіз. Штепсельдік ұштың
розеткаға дұрыс жалғанғанын
тексеріңіз.
o Қуат сымын ажыратып, қайта жалғаңыз.
LivingColors шамы түсін бірнеше рет
ауыстырып, сөніп қалса, қайта қосу
үшін, қашықтан басқару құралын
пайдаланыңыз.
o
LivingColors шамы қашықтан басқару
құралымен басқарылмайды
o Қашықтан басқару құралының ішіндегі
батареяларды тексеріңіз. Батареялар
дұрыс салынған (+ және -) және
зарядталған болуы керек. Басқару
құралы әлі де жұмыс істемесе,
батареяларды ауыстырып көріңіз.
o Қашықтан басқару құралын осы
92

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Livingcolors generation2 69176 serieLivingcolors generation2 69176/48/phLivingcolors generation2 69175/48/ph

Tabla de contenido