Bosch Sensixx DS38 i-Temp Instrucciones De Uso página 172

Ocultar thumbs Ver también para Sensixx DS38 i-Temp:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 82
Сипаттама
1. Су контейнері
2. Алынбалы үтік төсемесі
3. "SecureLock" үтікті құлыптау жүйесі
4. "Calc" автоматты тазалау туралы ескерту
индикаторының шамы
5. "Су контейнері бос" индикатор шамы
6. Қуатты үнемдеу "eco" түймешесі және
индикатор шамы (жасыл)
7. Үтіктеу бағдарламасының индикатор
шамдары
8. "Calc'nClean" кальцификаттарды жою
бағдарламасы және индикатор шамы
9. Бағдарлама селекторы және сәулеленген
сақина.
10. "қосу-өшіру" қуат түймешесі.
11. Бу шлангісі
12. "Calc'nClean Perfect" қақ жинағышы*
13. Қоймасы бар желі кабелі
14. Буды босату түймешесі
15. "PulseSteam" бу соққысы түймешесі*
16. Үтіктің индикатор шамы
17. Табан
18. Қорғаныш тоқыма табан қақпағы*
1. Дайындықтар
Жайылатын жақтарын көру
1. Үтіктің артқы жағында орналасқан иінтіректі
артқа тарту арқылы үтікті құлыптау
жүйесінен (3) босатыңыз.
2. Белгісін немесе қорғауыш қаптаманы
табанынан (17) алып қойыңыз.
3. Аспапты көлденеңінен тегіс, тұрақты бетке
қойыңыз. Үтік төсемесін аспаптан алуға
болады және үтікті басқа берік, тұрақты,
көлденең бетке қоюға болады.
4. Су контейнерін толтырған кезде су "max"
деңгей белгісінен жоғары болмауына көз
жеткізіңіз.
5. Желі кабелін (13) толығымен тарқатып
алыңыз және оны жерге тұйықталған
розеткаға жалғаңыз.
6. Қуат түймешесін (10) қосулы күйіне
орнатыңыз.
7. Аспап автоматты түрде "i-Temp Advanced"
бағдарламасына ауысады (3.1 бөлімін
қараңыз). Тиісті индикатор шамы (7)
172
B O SC H
жыпылықтап, бірнеше минуттан кейін
тұрақты түрде жанып тұрады. Екі дыбыстық
сигнал естіліп, аспаптың пайдаланылуға
дайын екендігін көрсетеді.
Бу генераторы тек бастапқы қыздыру
кезінде немесе қақ кетіру әрекеті
(Calc'nClean) орындалғаннан кейін осы
күйге жету үшін көбірек уақыт қажет етеді.
Су әдеттегі пайдалану барысында
әлдеқашан бу генераторында бар болғанда,
жұмыс температурасына жету үшін қыздыру
уақыты жылдамырақ болады.
8. Бұл аспапта кірістірілген су деңгейінің
датчигі бар. "Су контейнері бос" индикатор
шамы (5) жанады және су контейнері
толуы қажет болғанда үш дыбыстық сигнал
естіледі.
Назар аударыңыз! Егер үтіктеу
бағдарламаларының бірі таңдалған
кезде су контейнері бос болса, мұндай
бағдарламаға сәйкес келетін индикатор
шамы (7) су контейнері толмағанша
жыпылықтайды.
Бұл
• Қалыпты шүмектен алынған суды
пайдалануға болады. Оңтайлы бу
функциясының қызмет мерзімін ұзарту
үшін, шүмектен алынған суды тазартылған
сумен 1:1 арақатынасында араластырыңыз.
Сіздің аймағыңыздағы шүмектен алынған
су кермек су болса, оны тазартылған сумен
1:2 арақатынасында араластырыңыз.
• Судың кермектілігі туралы жергілікті су
жеткізушісінен білуіңізге болады.
• Су контейнерін аспапты пайдалану
барысында кез келген уақытта толтыруға
болады.
• Су контейнері мен бойлердің зақымдалуын
және/немесе ластануын болдырмау үшін
су контейнеріне парфюм, сірке, крахмал,
қақты кетіргіш заттарды, қоспаларды
немесе химиялық өнімдердің ешқандай
басқа түрін қоспаңыз.
Жоғарыда аталған құралдарды
қолданудан туындаған кез келген
зақымдану кепілдеме күшінің
жойылуына әкеледі.
• Үтік табанында жату үшін жасалмаған.
Оны әрқашан тік күйде үтік төсемесінде (2)
орналастырыңыз.
• Үтік төсемесін аспаптағы арнайы
жасақталған қалтаға немесе үтіктеу
аймағынан тыс тиісті жерге қоюға болады.
* Үлгісіне байланысты

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Sensixx ds38 hygiene

Tabla de contenido