Bosch Professional GWB 10 RE Manual Original página 86

Ocultar thumbs Ver también para Professional GWB 10 RE:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 16
OBJ_DOKU-31454-002.fm Page 86 Wednesday, May 14, 2014 10:45 AM
86 | Қaзақша
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2014/30/EU,
2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамала-
рына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін және
төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-1.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
27.03.2014
Жинау
Жұмыс құралын ауыстыру
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын 5 аспап орнатылғаныша
бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
Бұрғылау патроны кілтін 3 тісті тәждік бұрғылау
патронының 5 тиісті ойықтарына орнатып аспапты
бекітіңіз.
Бұрап бекіту құралдары
Қондырма биталарды пайдаланғанда әрқашан әмбебап
ұстағышты пайдаланыңыз. Тек шуруп басына жарайтын
қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
1 609 92A 0NL | (14.5.14)
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Айналу бағытын орнату
 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 1 тек
электр құралы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 1 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті 4 басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап бекіту
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 1 „R"
белгісіне орнатыңыз.
Сағат тіліне кері айналдыру: бұрандаларды және
сомындарды босату және бұрап алу үшін реверсивті
ауыстырып-қосқыштың 1 айналу бағытын „L" деп
орнатыңыз.
Қосу/өшіру
I
Электр құралды іске қосу алдымен
қосқыш/өшіргішті 4 артқа жылжытып,
сосын қосқыш/өшіргішті 4 басыңыз.
Құлыптау үшін қосқыш/өшіргішті 4
I
артқа жылжытып, 4 қосқыш/өшіргішін
O
басып, оны және артқа жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 4.
Қосқыш/өшіргіш 4 тірелген соң, әуелі оны басып сосын
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 4 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 4 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Айналымдар санын таңдау
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші арқылы 2 қажетті
айналымдар санын реттеуге болады.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido