mothercare RA399 Guia Del Usuario página 34

Tabla de contenido

Publicidad

safety & care notes
сақтық және күтіп ұстау туралы ескертпелер
МАҢЫЗДЫ, БОЛАШАҚТА ҚАРАУ ҮШІН
САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ: ЗЕЙІН ҚОЙЫП ОҚЫҢЫЗ
ЕСКЕРТУ! Балаңызды ешқашан да назардан тыс қалдырмаңыз.
ЕСКЕРТУ! Әрқашан да бекіткіш бауларды пайдаланыңыз және олардың дұрыс
бекітілуін қадағалаңыз.
ЕСКЕРТУ! Құлап кету қатері бар: Баланың құрылғыға өрмелеп шығуына
жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғының барлық құрамдастары дұрыс салынып, реттелмейінше
оны пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыға жақын жердегі ашық жанған оттың және басқа да қатты
қызу көздерінің қатері туралы ұмытпаңыз.
ЕСКЕРТУ! Бала үстелдің аяғын немесе кез келген басқа затты аяғымен
итерген кезде қисайып кету қатері бар екенін ескеріңіз.
Осы құрылғының кез келген бөлігі сынған, бүлінген, жыртылған немесе жоғалған болса, оны
пайдалануға болмайды.
Мақұлданған қосымша бөлшектерді Mothercare компаниясынан алуыңызға болады.
Құрылғыны жазған және бүктеген кезде балалар жарақаттанбас үшін оларды жолатпаңыз.
Құрастыруға арналған барлық бөлшектерді дұрыс қатайтып бұрап, үнемі тексеріп, қажет болса қайтадан
қатайтып бұрап отыру қажет.
Mothercare компаниясы құптағаннан басқа қосалқы бөлшектерді немесе керек-жарақтарды пайдалануға
болмайды.
Бала өз бетімен отыра алмайынша бұл өнімді пайдалануға болмайды.
Бұл өнім өз бетімен отыра алатын және 3 жасқа дейінгі немесе салмағы көп дегенде 15 кг құрайтын
сәбилерге арналған.
Бұл өнім BS EN 14988:2017 стандартына сай келеді
бұйымды күтіп ұстау
Матаны күтіп ұстау туралы нұсқауларды қоса тігілген затбелгісінен қараңыз.
Алмалы жабындарды жуардың алдында барлық металл бөлшектерін алып тастау.
Өнімді жылы су мен жұмсақ жуғыш затқа батырылған жөкемен тазалауға болады.
Бұл өнімді суға батырмаңыз.
Бұл өнім пайдалану немесе сақтау алдында мұқият кептірілуі тиіс.
Түрпілі, аммиак негізіндегі, ағартқыш негізіндегі немесе спиртті тазартқыштармен тазалауға болмайды.
тұтынушыларға қызмет көрсету
Балаңыздың қауіпсіздігі үшін өзіңіз жауапкершілік көтересіз.
Егер осы бұйымға қатысты проблема болса немесе ауыстырылатын бөлшектер қажет болса, жақын
жердегі Mothercare дүкеніне хабарласыңыз.
Version 1.1 06/09/18
33
© Mothercare UK Ltd. 2018

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ra400

Tabla de contenido