Bosch PST Universal Manual Original página 128

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
OBJ_BUCH-2499-003.book Page 128 Wednesday, January 20, 2016 9:27 AM
128 | Қaзақша
Жоңқа үрлеу құрылғысын қосу:
Ағаш, пластмасса және т.б. өңдеуінде
көп жоңқа шығатын жұмыстарда
қосқышты 8 аспирациялық келте құбыр
бағытында жылжытыңыз.
Жоңқа үрлеу құрылғысын өшіру:
Металда және қосылған
шаңсорғышпен орындалатын
жұмыстар үшін қосқышты 8 ара
полотносы бағытында жылжытыңыз.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті басыңыз 2.
Қосқыш/өшіргішті 2 бекіту үшін оны басып, тірегішті 1
оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 2.
Қосқыш/өшіргіш 2 тірелген соң, әуелі оны басып сосын
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті 2 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргіш 2 бекітілгеннен кейін жүрістер санын
азайтуға болмайды.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Аз жүрістер санында электр құралын ұзақ пайдалану, оны
қаты қыздыруы мүмкін. Ара полотносын алып, электр
құралын біршама суыту үшін шамамен 3 минуттай
максималды жүрістер санында жұмыс істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Кіші немесе жіңішке дайындамаларды өңдеуде
әрдайым қозғалмайтын төсем немесе аралау
құрылғысын (Bosch PLS 300) пайдаланыңыз.
Оптималды және нақты аралау нәтижесіне жету үшін қатты
басып аралаңыз.
Қалын ағашта (>40 мм) ұзын және тура кесіктерді
аралауда аралау сызығы тура болмауы мүмкін. Дұрыс
кесіктер үшін бұл жағдайда Bosch дөңгелек арасын
пайдалану ұсынылады.
1 609 92A 1PS | (20.1.16)
Қол арасы (H суретін қараңыз)
 Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон және т.б.
сияқты жұмсақ материалдарды өңдеу қажет!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Қол арасымен аралауды тек 0° бұрышында орындау
қажет.
Электр құралын тіреу тақтасының 6 алғы шетімен
дайындамаға салып ара полотносын 15 дайындамаға
тигізбей электр құралды қосыңыз. Жүрісі басқарылатын
электр құралдарында максималды жүріс санын таңдаңыз.
Электр құралын дайындамаға басып ара полотносын
ақырын кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы 6 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Суытқыш/Майлау заттары
Металды аралау кезінде материал қызуы себебінен аралау
сызығында суытқыш немесе майлау затын жағу керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол
үшін ара полотносын электр құралынан алып электр
құралын тегіс жерге жай қағыңыз.
Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін. Ол
үшін шаңды материалдарды бас үстінде немесе астында
араламаңыз.
 Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ
өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы
мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы
мүмкін.
Бағыттаушы дөңгелекті 14 майлаңыз.
Бағыттаушы дөңгелекті 14 жүйелі түрде тексеріңіз. Тозған
бөлшек Bosch сервис орталығында алмастырылуы қажет.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Pst universal+

Tabla de contenido