Bosch GDE 28 D Professional Manual Original página 56

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 14
56 | Қазақ
әрдайым электр құралының тұтқасы мен қосымша
тұтқасынан ұстап тұрыңыз.
Нұсқау: бағыттауыш (5) серіппемен керілген. Бұрғы
ұзындығын реттеу түймесін (6) басқан кезде, бағыттауыш
алға секіруі мүмкін.
Электр құралын жұмыс барысында екі қолмен
u
берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр
құралы екі қолмен сенімді түрде басқарылады.
Бұрғыны енгізу/шығару (B суретін қараңыз)
– Бұрғы ұзындығын реттеу түймесін (6) басып,
бағыттауышты (5) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
– (6) түймесін қайтадан жіберіңіз.
– Бұрғы ұштығын артқы жақтан шаң саңылауы (3)
арқылы өткізіп, содан кейін оны электр құралының
нұсқауларына сәйкес бұрғылау патронына енгізіңіз.
– Бұрғыны шығарудан бұрын (6) түймесін қайтадан
басып, бағыттауышты (5) тірелгенше сыртқа
тартыңыз.
Бағыттауыш ұзындығын реттеу
(C суретін қараңыз)
Таза сору және тереңдік шектегішін тиісінше реттеу үшін
бағыттауышты (5), алдыңғы бұрғы ұштығы /(3) шаң
саңылауымен беттелетіндей реттеу қажет.
– Қажетті бұрғыны бұрғылау
патронының құрал бекіткішіне
енгізіңіз.
– (6) түймесін, бағыттауышты (5)
бұрғы ұзындығына сәйкес реттей
отырып басыңыз.
– (6) түймесін қайтадан жіберіңіз.
Нұсқау: сорғыш құрылғыны сақтау үшін (6) түймесін
басып, бағыттауышты (5) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
Бұл ретте бағыттауыш серіппесі босатылып, серіппенің
қызмет ету мерзімі ұзарады.
Бұрғылау тереңдігін реттеу
(D суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішін реттеу түймесінің (4) көмегімен
қажетті X бұрғылау тереңдігін белгілеуге болады.
– (4) түймесін басып, түймені бағыттауышқа (5),
көрсетілген X арақашықтығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне сәйкес келетіндей жылжытыңыз.
– (4) түймесін қайтадан жіберіңіз.
1 609 92A 5Y8 | (19.10.2021)
Шаң саңылауын және ұзартқышты
монтаждау (E суреттерін қараңыз)
Саңылау диаметріне байланысты (3)/(2) шаң саңылауын
алмастыру қажет:
– 4−16 мм диаметрлі саңылауларға арналған шаң
саңылауы (3)
– 16−28 мм диаметрлі саңылауларға арналған шаң
саңылауы (2)
Оған қоса шаң саңылауының қабырғамен жанасу бетінде
анық тозу іздері көрінгенде және сору кезінде шаң
сорғыш қылшақ арқылы шыққан жағдайда, шаң
саңылауын алмастыру қажет.
Шаң саңылауын алып тастау:
– Құлыптан босату түймесін (14) басып, шаң саңылауын
жоғары қарай ұстағыштан тартыңыз.
Шаң саңылауын монтаждау:
– Шаң саңылауын, құлыптан босату түймесі (14) шерту
дыбысымен тірелгенше, жоғарыдан ұстағышқа
енгізіңіз.
Ұзартқыш (1), жалпы ұзындығы 165−265 мм болатын
бұрғыны пайдаланған кезде, қажет болады.
– Ұзартқышты (1) шаң саңылауын монтаждау/алып
тастау процедурасына сәйкес монтаждаңыз және алып
тастаңыз.
Механикалық сүзгі тазалау тетігі
Сорғыш құрылғы механикалық сүзгі тазалау тетігімен
жабдықталған, ол HEPA сүзгісін (16) жабысатын шаңнан
босатады. Механикалық сүзгі тазалау тетігін жүйелі түрде
іске қосыңыз. Осылайша HEPA сүзгісі, тұрақты көлемдік
ауа ағыны және осылайша тұрақты сору күші қамтамасыз
етілетіндей қағылады.
– Механикалық сүзгі тазалау тетігінің айналмалы
реттегішін (10), кемінде үш рет шерту дыбысы
естілгенше, сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Шаң жинағыш қорапты босату
(F1−F5 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: шаң жинағыш қорапқа техникалық қызмет
көрсеткен және оны тазалаған кезде шаңнан қорғайтын
масканы киіп жүріңіз.
Оңтайлы сору күшін сақтау үшін шаң жинағыш
қорапты (9) жүйелі түрде және жұмыстарды аяқтағаннан
кейін босатып тұрыңыз. Көру әйнегінің  көмегімен шаң
жинағыш қораптың толтыру деңгейін бақылауға болады.
– Электр құралын сорғыш құрылғымен көлденеңінен
ұстап, электр құралын бірнеше секундқа қосыңыз.
Осылайша шаң қалдықтары сору каналынан шаң
жинағыш қорапқа (9) сорылады.
– Құлыптан босату түймесін (7) басып, шаң жинағыш
қорапты (9) сорғыш құрылғыдан қайырып
шығарыңыз.
– Қалпақты (15), ол сүзгіні (16) жапқанша, ашыңыз.
– Шаң жинағыш қорапты (9) арнайы қоқыс ыдысына
босатыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido