Тазалау Және Техникалық Қызмет Көрсету - FIRST AUSTRIA FA-5095-2 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 17
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Қолданып жатқанда, бұл құрылғы электр
тізбегінен айтарлықтай ток талап етуі
мүмкін. Сондықтан оны басқа электрлік
құрылғылардан бөлек тізбекке жалғаңыз
немесе басқа құрылғылар қолданылып
жатқанда, оны қолданбаған дұрыс.
• Құрылғыны ашық, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке қойыңыз. Қабырғадан
қашықтық кемінде 5 см болуы тиіс. Ауаның
кедергісіз айналымын қамтамасыз ету
үшін құрылғының үстіндегі аумақ бос болу
керек. Құрылғыны немесе қуат сымын
ыстық беттерге қоюға болмайды. Сондай-
ақ құрылғыны ашық газ жалынының
жанында орнатуға және пайдалануға
болмайды.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Қауіпті жағдайларың алдын алу үшін
индукциялық плитаны пайдаланбас бұрын,
жүрек стимуляторлары бар адамдар
дәрігермен ақылдасып алуы керек.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Құрылғының жанына тұтанғыш материалды
(қағаз, мата және т.б.) қоймаңыз.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Бұл құрылғыға сыртқы таймерді
немесе қашықтан басқару құралын
пайдаланбаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының үстіне
ешқандай металл зат қоймаңыз.
• Жұмыс барысында құрылғы ыстық болады.
Сондықтан абай болыңыз, ыстық бөліктерге
қол тиіп кетпеңіз.
• Қатты қызған майлар тұтануы мүмкін.
Сұйық маймен немесе тоң маймен тамақ
(мысалы, фри картобы) дайындағанда,
тамақты қараусыз қалдыруға болмайды.
• Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне
қосылып тұрмаса да, оны қараусыз
қалдырмаңыз. Сондай-ақ ыстық табаққа
қойып, табамен тасымалдауға болмайды.
Күйіп қалу қаупі бар. Тазаламас және
сақтамас бұрын, құрылғының толық
суығанын күтіңіз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Шыңдалған әйнек тақтаны соқпаңыз.
Сынып қалған жағдайда, құрылғыны
өшіріп, оны қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі – шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
48
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ:
(A суреті)
1. Қосу/Өшіру: Құрылғыны қосу немесе өшіру
үшін осы түймені басыңыз.
2. Таңдау (Температура/Қуат): Температура
[°C] мен қуатты [Вт] таңдау үшін осы
түймені басыңыз.
3. Дисплей
4. Таймер: Осы түймені басып, таймерді
орнатыңыз.
5. Құлыптау: Пернелерді құлыптау
функциясын қосу үшін осы түймені
басыңыз. Оны басып тұрсаңыз, функция
өшеді.
6. [+] / [-]: Осы түймелерді басып, қуатты/
температураны/уақытты көбейтіңіз немесе
азайтыңыз.
НҰСҚАУЛАР
1. Құрылғыны қуат көзіне жалғаңыз.
Дыбыстық сигнал шығады да,
индикаторлардың барлығы бір рет жанады.
2. Тамақ пісіру аймағының ортасына
индукцияға жарамды ыдысты қойыңыз.
3. [Қосу/Өшіру] түймесін (1) басыңыз,
дисплейде (3) [ON] сөзі пайда болады.
4. [Select] түймесін (2) басып, тамақ
дайындауға қажетті қуат деңгейін
немесе температураны таңдаңыз. Әдепкі
қуат деңгейі көрсетіледі, оның орнына
температураны орнату үшін [Select]
түймесін тағы бір рет басыңыз.
5. [+] немесе [-] түймелерінің (6)
көмегімен, қуат деңгейін/температураны
арттыруыңызға немесе төмендетуіңізге
болады. Жалпы 10 деңгей бар:
Қуат
Темпер.
Қуат
Темпер.
200 Вт
60°C
1200 Вт
160°C
400 Вт
80°C
1400 Вт
180°C
600 Вт
100°C
1600 Вт
200°C
800 Вт
120°C
1800 Вт
220°C
1000 Вт
140°C
2000 Вт
240°C
6. Тамақ пісіріп болған соң, [Қосу/Өшіру]
түймесін тағы бір рет басу арқылы
құрылғыны өшіріңіз.
Ескертпе: құрылғының ішін суыту үшін
желдеткіші шамамен 1 минуттай істеп тұрады.
"ТАЙМЕР" ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ:
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, тамақ
пісіру ұзақтығын орнатуға болады. Таймер
функциясын ашу үшін [Таймер] (4) түймесін
бір рет басыңыз. Дисплей жанады және
[00:00] деген сан пайда болады. Дисплейдің
жанындағы "Таймер" индикаторы жанады.
Уақытты 1 минуттан 3 сағатқа дейін реттеуге
болады. [-] түймесін басып, сағатты және [+]
түймесін басып, минутты орнатасыз. Қажетті
уақытты орнатқан соң, [Таймер] түймесін
қайта басып, растаңыз немесе дисплейдің
жыпылықтауы тоқтағанын күтіңіз. Таймердің
кері санағы 00:00-ге жеткенде, құрылғы
дыбыстық сигнал шығарады және автоматты
түрде күту режиміне ауысады. [Таймер]
түймесін шамамен 3 секунд басып тұрып,
таймерді кез келген уақытта өшіруге болады.
"ҚҰЛЫПТАУ" ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ:
[Құлыптау] түймесін (5) бір рет бассаңыз,
түймелердің барлығы жұмыс істемей
қалады. Дисплейде [LOC] деген жазу
шығып, дисплейдің жанындағы "Құлыптау"
индикаторы жанады. Құлпын ашу үшін
[Құлыптау] түймесін шамамен 3 секунд басып
тұрыңыз.
Ескертпе: түймелер құлыптаулы тұрса да,
[Қосу/Өшіру] түймесін басып, кез келген
уақытта құрылғыны өшіре аласыз.
АСҮЙ ЫДЫСТАРЫ
Индукцияға жарайтын ыдыс:
Материал: Металл, ферромагниттік тот
баспайтын болат немесе шойын
Пішіні: Диаметрі 12-22 см (макс. 26 см)
болатын түбі жалпақ ыдыс
Индукцияға жарамайтын ыдыс:
Материал: Металл емес, ферромагниттік емес,
керамикалық, әйнек, алюминий немесе жез
Пішіні: Түбі жалпақ емес немесе өте дөңес,
түбінің диаметрі 12 см-ден аз ыдыс
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Пісіру табағын қолданған сайын тазалаңыз.
Соның арқасында керамикалық қабатқа
төгілген қалдықтың жануына жол берілмейді.
1. Тазалаудан бұрын ток көзінен ажыратып,
құрылғы салқындағанша күтіңіз.
2. Керамикалық әйнек бетін дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
3. Таза шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Тазалау
құралының қалдықтары бетте қалмауы
керек.
49

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fa-5095-3

Tabla de contenido