Қауіпсіздік Нұсқаулары - Whirlpool BI WMWG 81484E EU Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны қолданудан бұрын, осы қауіпсіздік
нұсқауларын оқып шығыңыз. Оларды кейін қарап
тұру үшін жақын жерде ұстаңыз. Осы нұсқаулар
мен құрылғының өзінде әрқашан орындалуы
тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулері беріледі.
Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқаулары орындалмаған,
құрылғы дұрыс қолданылмаған немесе басқару
элементтері дұрыс орнатылмаған жағдайда барлық
жауапкершіліктерден бас тартады.
Жасы тым кіші балалар (0–3 жас)
құрылғыдан аулақ ұсталуы керек. Әрдайым
бақылап отырмаған жағдайда, жас балалар
(3–8 жас) құрылғыдан аулақ ұсталуы керек. 8
жасқа толған балаларға және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеті төмен, я болмаса
тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға осы
құрылғыны басқа адам бақылап тұрған кезде
немесе құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану
бойынша нұсқама берілген және олар
құрылғыны қолдануға қатысты қауіптерді
түсінген жағдайда ғана қолдануға болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды.
Балаларға құрылғыны бақылаусыз тазалауға
және оған қызмет көрсетуге болмайды. Есікті
ешқашан күштеп ашуға немесе оны басқыш
ретінде қолдануға болмайды.
РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНЫСЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
бөлек қашықтан басқару жүйесі сияқты сыртқы
ауыстырып қосу құралымен басқарылуға
арналмаған.
Бұл құрылғы үйде және оған ұқсас
жағдайларда қолдануға арналған: дүкендердегі,
кеңселердегі және басқа жұмыс
орындарындағы қызметкерлердің ас
бөлмесінде; ферма үйлерінде; қонақ
үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа да қонақ
күту орындарындағы тұтынушылар қолдануы
үшін; көп пәтерлі үйлердегі немесе кір жуатын
бөлмелердегі көпшіліктің пайдалануына
арналған аймақтар.
Кір жуғыш машинаға бағдарламалар
кестесінде көрсетілген максималды
сыйымдылықтан көп жүктеме салмаңыз (құрғақ
киімнің салмағы).
Осы құрылғы кәсіби мақсатпен қолданылуға
арналмаған. Құрылғыны сыртта қолданбаңыз.
Ешқандай еріткіштерді (мысалы, скипидар,
бензол), құрамында еріткіштер бар жуғыш
заттарды, тазартқыш ұнтақтарды, шыны
тазартқыштарды, әмбебап тазартқыштарды
немесе тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға
болмайды; еріткіштермен не тұтанғыш
сұйықтықтармен өңделген маталарды кір
жуғыш машинада жууға болмайды.
ОРНАТУ
Құрылғы таймер немесе
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ҰСТАНУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны екі не одан көп адам
тасымалдауы және орнатуы керек — жарақат
алу қаупі. Құрылғының қаптамасын ашу және
оны орнату үшін қорғайтын қолғап киіңіз —
теріні тіліп алу қаупі.
Кір жуғыш машинаның үстіне кептіргіш
орналастырғыңыз келсе, алдымен Сатқаннан кейін
қызмет көрсету бөліміне немесе маман дилерге
хабарласып, ондай мүмкіндіктің бар-жоғын
сұрастырыңыз. Кептіргішті кір жуғыш машинаға
Сатқаннан кейін қызмет көрсету бөлімінен немесе
маман дилерден сатып алуға болатын тиісті
қабаттастырып орналастыру жинағымен бекіткен
жағдайда ғана сондай мүмкіндік болады.
Құрылғыны жылжытқан кезде, үстіңгі
бөлігінен немесе жоғарғы қақпағынан ұстап
көтеруге болмайды.
Орнату, оның ішінде су беру (бар болса)
және электр қосылыстарын орнату және жөндеу
жұмыстарын білікті маман атқаруы керек.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше
көрсетілмеген болса, құрылғының ешбір бөлігін
жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды.
Балаларды құрылғыны орнату жерінен аулақ
ұстаңыз. Құрылғының қаптамасын ашқаннан
кейін, тасымалдау кезінде оған зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз. Ақаулықтар табылған
жағдайда, сату орталығына немесе ең жақын
Сатқаннан кейін қызмет көрсету ұйымына
хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін қаптама
қалдықтарын (пластик, пенопласт бөлшектер,
т.б.) балалардан аулақ сақтау қажет, себебі
олар тұншығу қаупін төндіреді. Орнату
жұмыстарына кіріспес бұрын, құрылғыны токтан
ажырату керек, себебі ток соғу қаупі төнеді.
Орнату кезінде құрылғы қуат кабеліне зақым
келтірмейтініне көз жеткізіңіз, себебі өрт шығу
немесе ток соғу қаупі төнеді. Құрылғыны орнату
процедурасы аяқталғаннан кейін ғана қосыңыз.
Құрылғыны нашар ауа алмасуы, 5 °C-тан
төмен не 35 °C-тан жоғары температура
сияқты шамадан тыс шарттар болатын жерге
орнатпаңыз.
Құрылғыны орнатқан кезде, төрт аяғын
қажетінше реттеп, олар еденде нық тұрғанына
көз жеткізіңіз және спирт деңгеймен құрылғы
түзу тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы ағаштан жасалған еденге немесе
«қалқыма еденге» (мысалы, кейбір паркет не
ламинат төселген едендер) орнатылатын
болса, еденге 60 x 60 х 3 см (кемінде) шерені
бекітіп, құрылғыны соның үстіне қою керек.
Судың кіріс түтігін (-терін) су желісіне
жергілікті сумен жабдықтау компаниясының
ережелеріне сәйкес жалғаңыз.
KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Bi wmwg 71483e eu nBi wmwg 91484e eu

Tabla de contenido