Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS 24-180 P Professional Manual Original página 194

Ocultar thumbs Ver también para GWS 24-180 P Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
194 | Қазақ
көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл
қуатын арттыруы мүмкін.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
Қорғаныш аспапты орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғайтын қаптаманы (6) шпиндель мойыншасына
орнатыңыз. Қорғайтын қаптама (6) күйін жұмыс күнінің
талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы (6) бекіту
бұрандасымен (7) бұғаттаңыз.
Қорғағыш қаптаманы (6) оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
u
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (14).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (14) сонымен бірге тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (6) ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары (22) бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (6) ретінде де орнатылады.
Қосымша тұтқа
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен
u
пайдаланыңыз (4).
Қосымша тұтқаны (4) редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Дірілдеуді бәсеңдететін қосымша тұтқа
Дірілдеуді бәсеңдететін қосымша тұтқа дірілдеуі кем
қолайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
1 609 92A 88Z | (24.10.2022)
Қосымша тұтқаны (4)
редукторлық бастың оң
жағында немесе сол
жағында бұрап бекітіңіз.
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен
u
пайдаланыңыз (4).
Қосымша тұтқаны өзгертпеңіз.
u
Зақымдалған қосымша тұтқаны пайдаланбаңыз.
Қол қорғағышы
Резеңкелі ажарлау тәрелкесімен (18) немесе
u
тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (16) кийіңіз.
Қол қорғағышын (16) қосымша тұтқа (4) көмегімен
бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (5) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (1) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты
кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы
(10) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап
бекітіңіз (қараңыз „ Тез қысқыш гайка
Бет 195).
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
u
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы
қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге
үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Тірек фланецінде (8), ортаға келтіру
буылтығының айналасында пластие бөлшек
(тығыздауыш сақина) орнатылған.
Тығыздауыш сақина жоқ немесе
зақымдалған болса, тірек фланецін (8) ары
қарай пайдаланбай тұрып, міндетті түрде
ауыстыру керек.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар
u
үшін әрқашан қол қорғағышын (16) кийіңіз.
",
Bosch Power Tools

Publicidad

loading