Descargar Imprimir esta página

Bosch Universal Rotak 650 Manual Original página 99

Publicidad

Бақ электр бұйымындағы
белгілердің мағыналары
Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар.
Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.
Жақын тұрған адамдар шашырылатын бөгде
денелер арқылы жарақаттанбауына назар
аударыңыз.
Сақтандыру: Бақ электр бұйымы іске
қосылып тұрғанда оған қауіп-қатерсіз
аралықта тұрыңыз.
Назарыңызда болсын: Айналып тұратын
пышақтарын түртпеңіз. Бұйымның
пышақтары өткір. Аяқ және қол
саусақтарларынан айырылудан сақтаныңыз.
Қолданылмайды.
Электр бұйымның параметрлерін енгізу
алдынан немесе оны тазалау алдынан, оның
кабелі шатысып қалғанда, немесе электр
бұйымды қысқа уақыт бойы қадағалаусыз
қалдырған жағдайда да электр бұйымды өшіріп, оның
айырын электр розеткасынан шығарып қойыңыз. Электр
кабелді электр бұйымның кесетін пышақтарынан ұзақ
ұстаңыз.
Бақ электрбұйымның бөлшектерін ұстау
алдынан олардың толығымен әбден
тоқтатылып тұруына дейін күтіңіз.
Электрбұйымды өшіріп істен шығарғанда да
электрбұйым пышақтары әлі де айналып тұра беріп,
жаралануға апара алады.
Электр бұйымды жауын жауып тұрғанда
қолданбаңыз немесе оны жауын астында
қалдырмаңыз.
Электрсоққыдан сақтаныңыз.
Біріктіріп қосу кабелін электр бұйымның
кесетін пышақтарынан ұзақ ұстаңыз.
Бақ электрбұйымын тазалау үшін ешқашан
жоғары деңгейлі қысыммен істейтін тазалау
құрылғыларын немесе бақ шлангілерін
қолданбаңыз.
Bosch Power Tools
Бақ құралы қолданылатын жерде жануарлар
және жабайы аңдардың жоқ болуын мұқият
тексеріп алыңыз. Электр құрал қолданылып
жатқанда жануарлар және жабайы аңдар
жарақаттанып қалуы мүмкін. Құрал қолданылатын
аймақты мұқият тексеріп, онда болатын тас, таяқ,
сымдар, сүйектер және бөгде заттардың барлығын осы
аймақтан алып тастаңыз. Құралды қолдану барысында
қалың шөп арасында аңдар, жануарлар немесе шағын
ағаш томаршалары бола алатынын ескеріп жүріңіз.
Басқару
Осы электр бұйымды ешқашан балалар немесе осы
u
нұсқаулықтармен таныс болмаған тұлғалар тарапынан
қолдануын рұқсат етпеңіз. Құрал қолданылып жатқан
елдегі ұлттық заңдар мен ережелері арқылы
қолданушы жасының шектелуі мүмкін. Электр бұйым
іске қосылмай, қолданбай тұрған уақытта оны балалар
қолдары жете алмайтын қылып сақтаңыз.
Балаларға, денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой
u
қабілеттері шектелген адамдарға немесе осындай
құралдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз болған
және/немесе білімі жеткіліксіз болған және/немесе
осы қолдану нұсқаулықпен таныс болмаған адамдарға
ешқашан осы электр бұйымымен жұмыс істеуге рұқсат
етпеңіз. Құрал қолданылып жатқан елдегі ұлттық
заңдар мен ережелері арқылы қолданушы жасының
шектелуі мүмкін.
Балалардың электр құралымен ойнамауын
u
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек.
Бақ электрбұйымы жанында тұлғалар, әсіресе
u
балалар, немесе жануарлар бар болғанда оны
ешқашан қолданбаңыз.
Электрбұйым иесі немесе қолданушысы басқа
u
адамдардың денсаулығына немесе осылардың
мүлігіне түскен апаттар немесе шығындар үшін
жауапты болады.
Электр бұйымды қолдану барысында ешбір ашық
u
резеңкелі аяқ киімін немесе сандал аяқ киімін киіп
жүрмеңіз. Әрқашан тұрақты аяқ киімдері мен ұзын
шалбар киіп жүріңіз. Электр бұйымды ешқашан жалаң
аяқ түрде болғаныңызда пайдаланбаңыз.
Шөп шабылатын жерді мұқият тексеріп алып, осы
u
жерде бар болған тас, таяқ, сым, сүйек және басқа
заттарын алдын ала жинап шығарып алыңыз.
Қолдану алдынан әрқашан электрбұйымның
u
пышақтарының, пышақ бұрандаларының және кесетін
құрастырылған топтарының тозып немесе бұзылған
қалыпта болмауын тексеріп алыңыз. Теңгерімнің
бұзылуын болдырмау үшін тозып немесе бұзылып
қалған пышақтар мен пышақ бұрандаларын әрқашан
толық жинақтамасымен ауыстырыңыз.
Шөпті тек қана күндізгі жарықта немесе жасанды
u
жарығының жеткілікті күшінде болғанда ғана
шабыңыз.
Қазақ | 99
F 016 L94 646 | (01.03.2023)

Publicidad

loading