Descargar Imprimir esta página

Samsung EP-PA710 Manual Del Usuario página 270

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 283
Сымсыз зарядтағышты пайдалану
3
Мобильді құрылғы толығымен зарядталған болса, сымсыз зарядтағыштан ажыратыңыз.
Металл нысандар, магниттер және магнит жолағы бар карталар сияқты бөгде
заттарды зарядталатын мобильді құрылғы мен сымсыз зарядтағыштың арасына
салмаңыз. Мобильді құрылғы тиісті түрде зарядталмауы мүмкін немесе қызып кетуі
салдарынан бұзылуы мүмкін.
• Мобильді құрылғы, зарядтағыштың беткі қабатында дұрыс орналаспаған
кезде немесе мобильді құрылғыны сымсыз зарядтау үшін орауыштың күйіне
байланысты, тиісті түрде зарядталмауы мүмкін.
• Егер мобильді құрылғыда қалың тыс бекітілген болса, сымсыз зарядтағыш дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Егер тыс қалың болса, мобильді құрылғыны сымсыз
зарядтағышқа қояр алдында, оны алып тастаңыз.
• Зарядтағыш желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған кезде, желі
қосылымы ажырауы мүмкін.
• Сымсыз зарядтау кезінде зарядтағышты мобильді құрылғыға жалғасаңыз, сымсыз
зарядтау функциясы қол жетімді болмайды.
• Сымсыз зарядтағыш, Wireless Power Consortium (WPC) консорциумы тарапынан
сертификатталған құрылғылармен үйлесімді.
• Сымсыз зарядтағыштың ішіндегі желдеткіш сымсыз зарядтау уақытында жұмыс
істеуі мүмкін.
• Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау
үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек.
Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді
болуы керек.
Қазақ тілі
6
6

Publicidad

loading