ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУЛЕР
•60°C-тан ыстық сұйықтықтарды немесе улы/тұтанғыш шаңды
сормаңыз.
•Ешқашан құрылғыны бүйіріне жатқызбаңыз. Көлденең
қалыпта айрықша сақтық танытыңыз және сатыда жеткілікті
тұрақтылықты сақтаңыз.
•Әрдайым құрылғыны пайдаланған соң және сүзгілерді
немесе керек-жарақтарды тазалаудан/ауыстырудан бұрын
желіден ажыратыңыз.
•Тек білікті мамандар электрлік жабдықты жөндей алады.
Қате жолмен өткізілген жөндеу пайдаланушыға елеулі қауіп
төндіреді.
•Құрылғыны тікелей ыстық пеш не радиатордың жанында
сақтамаңыз.
•Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан үлкен балалар және
дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғалар
немесе тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқау алып, ықтимал
қауіптерді ұғынған жағдайда және
біреудің бақылауында болғанда пайдалана алады.
Балалардың осы құрылғымен ойнауына жол бермеңіз.
Тазалау және пайдаланушы тарапынан техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын балаларға ересектердің бақылауынсыз
жүргізуге болмайды.
•Құрылғыны тазалау немесе алып тастау кезінде әрдайым
өшіріңіз. Құрылғыны тазалау немесе оған техникалық
қызмет көрсету алдында ашаны розеткадан ажырату қажет.
Құрылғыны біраз уақыт пайдаланбайтын
болсаңыз, ашаны розеткадан суырып шығарыңыз.
Құрылғыны ажырату үшін ешқашан кабельді тартпаңыз;
оның орнына ашаның өзін тартыңыз. Сонымен қатар
құрылғыдан барлық арнайы керек-жарақтарды шығарыңыз.
•Құрылғыны әрдайым таза күйде ұстаңыз. Оны еріткіштермен
немесе еріткіштерд қамтитын тазалағыш заттармен
тазаламаңыз.