Descargar Imprimir esta página

Dexter power VOD1530SWC Manual De Instrucciones página 61

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 12
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУЛЕР
•Құрылғыны еш жағдайда қосылған күйде бақылаусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс аймағын қалдырған жағдайда
құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз (сымын
тартпаңыз; оның орнына ашаның өзін тартыңыз).
•Балаларды тұрмыстық электрлік құрылғылардан қорғау
үшін, олардың кабельге сүрініп қалуына жол бермеңіз
және құрылғыдан алшақ ұстаңыз.
•Дәрі-дәрмек, ішімдік немесе есірткінің ықпалында
болғанда, ем қабылдап жатқан немесе шаршаңқы болған
кезде құрылғыны еш жағдайда қолданбаңыз.
Құрылғы мен қуат сымында ықтимал зақымдардың
бар-жоғын жүйелі түрде тексеріңіз. Зақымдалған
құрылғыларды пайдаланбаңыз.
•Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекеттенбеңіз.
Жөндеу үшін әрдайым өкілетті техник маманның
көмегіне жүгініңіз. Әрдайым ақаулы қуат сымдарын
өндірушіге немесе білікті электрші маманға дереу
алмастыруға беріңіз. Ток соғу мен жарақат алу қаупінің
алдын алу үшін кабельдің бірдей түрін қолданыңыз.
•Тек түпнұсқа қосалқы бөліктер мен керек-жарақтарды
қолданыңыз. Мақұлданбаған бөліктер немесе үшінші
тарап керек-жарақтары қауіпті жағдайды тудыруы және
кепілдіктің өз күшінен айырылуына әкелуі мүмкін.
•Қалтқыны жиі тексеріп тұрыңыз.
•Егер құрылғыңыздан сұйықтықтың ағып жатқанын
байқасаңыз, оны дереу өшіріп, желіден ажыратыңыз.
•Құрылғыны суға батырмаңыз. Судың құрылғы үстіне
шашырамағанына көз жеткізіңіз.
•Пайдаланылған суды кәдеге жаратқан кезде, жергілікті
ережелер сақталғанына көз жеткізіңіз.
•Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін, қауіпсіз және
құрғақ жерде ғана сақтаңыз.

Publicidad

loading